Заңдастырылған байкот: Еуропа елі басқыншылыққа қарсы экономикалық шектеу саясатын қолданады
Заңдастырылған байкот: Еуропа елі басқыншылыққа қарсы экономикалық шектеу саясатын қолданады
38 минут бұрын 41 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ирланд парламенті Израил келімсектерінің палестиналықтардан тартып алған Иордан өзенінің батыс жағалауында және Құдыс қаласының шығысында өндірілген тауарлар импортына тыйым салу бастамасына дауыс берді. Бұл жайында islam.kz порталы WAFA ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мақұлданған заңда Ирландия аумағына Израилдің әлем қауымдастығы таныған шекараларынан тыс орналасқан «белгілі бір Израил қоныстарынан» тауарларды әкелуге тыйым салады. Санкция пәрмені тұрмыстық, ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсаттағы барлық тауарларға қолданылады.  Ирландия ресми түрде осындай тыйымды қабылдаған Еуропалық одаққа мүше алғашқы мемлекет болғанымен, Испания 2025 жылдың қазан айында Израилдің заңсыз қоныстарынан импортты шектеу пакетін қолдана бастады. Оңшыл коалициялық үкімет бұл тараптағы заң жобасының 2024 жылғы Халықаралық соттың консультативтік қорытындысы негізінде әзірленгенін мәлімдеді: мұндай шара Израилдің Иордан өзенінің батыс жағалауын, соның ішінде Шығыс Құдысты, сондай-ақ, Газа секторын басып алуына қарсы қолға алынды. Ирландия Израилдің Газа секторына қарсы әскери агрессиясын айыптап, қатаң сынға алған санауалы елдердің бірі. Ирландия Палестина мемлекетін 2014 жылы ресми таныды. Израилдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар Дублиндегі Израил елшілігін жабуға өкім етті. Өткен айда Дублин Израилдің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир мен қаржы министрі Бецалел Смотричке Газа секорындағы тұрғындарға азық-түлік, дәрі-дәрмек, тазалық құралдарын, киім-кешек, т.б. керек-жарақты тасымалдаған «Жаһандық бостандық флотилиясының» белсенділеріне қарсы әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салған болатын. Ирландия екі тарап арасындағы сауда қатынастарының негізін құрайтын 1995 жылғы ЕО пен Израиль арасындағы қауымдастық туралы келісімді дәйекті түрде қайта қарауға шақырады.

0 пікір
Мұрағат