Қайтыс болған адамдарды роботпен алмастыру арқылы қайғыны жеңілдетуді ұсынды
Қайтыс болған адамдарды роботпен алмастыру арқылы қайғыны жеңілдетуді ұсынды
1 сағат бұрын 44 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайда жақын туысынан айырылып, қайғы шеккен отбасына қайтыс болған адамның робрт көшірмесін жасатуға болатыны айтылды. Бұл жайында islam.kz порталы life ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қайтыс болған адамның робот көшірмесі жасаларда отбасындағы фото-сурет, видео, дыбыстық жазба, телефондағы даусы, ермегі мен әдеті пайдаланылады. Көшірме мейлінше шынайы шығуы үшін. Робот тірі адамды алмастыра алмаса да қайғыны жеңілдетуі керек, деп есептейді мұндай бастаманы қолдайтындар. Алайда, психологтер керісінше пікір білдіріп отыр. Олардың айтуынша, робот көшірме қайтыс болған адамды ұдайы еске салып, қайғыны жеңілдету орнына аза тұтқан адамды одан ары күйзеліске бастауы мүмкін екенін ескертеді. Қайтыс болған адамның көшірмесі отбасында туыстарымен тілдесіп, шүйіркелесіп, қарым-қатынас орната алады. Алайда, психологтердің айтуынша, қазаны қабылдау қиындататынын әрі одан ары қайғыны тереңдететінін алға тартып отыр. Біржола күдер үзуге кедергі келтіреді. Осылайша адам бір орнында тұрып қалады. Ал өмір бір орнында тұрмайтынын ескертеді. Осы орайда қайтыс болған адамның цифрлы немесе елесін сыңарын жасау арқылы да қайғыны жеңіледету бастамасы көтерілгенін айты кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат