|
Жасанды зердеге байланысты студенттерді дипломды қорғау жұмысын жазудан босатты
|
Ресей халықтар достығы университетінің Сочи бөлімшесіндегі «Юриспруденция» бакалавриат бағытындағы студенттерді диплом қорғау еңбегін жазу міндетінен босатты. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоғарғы оқу орнының ресми өкілі дипломдық жұмыс жасанды зерденің дамуына байланысты өзектілігін жоғалтқанын мәлімдеді. Мұндай жағдай Ресейде алғаш рет болып отырған жоқ. Бұл шешім 2024-2026 жылдары оқуға түскен студенттерге қатысты. Студенттерді дипломдық жұмысты жазу машақатынан құтқарған - жасанды зерде. Дәлірегі, АІ студенттің орнына 60-80 беттен тұратын дипломдық жұмысты аз уақытта жазып беретіндіктен, яғни, деректердің көп мөлшерін өңдеп, салыстырып, сараптап, жазып береді. Осылайша студенттің ЖОО қабырғасында алған білімін шынайы тексеру мүмкін емес. Десе де дипломдық жұмыстан бас тарту студенттердің жүгін жеңілдетпеуі керек. Олардың білімін цифрлы технология дәуірінде заңгер ретінде бағалаудың басқа жолдарын қарамтыратын болады.