|
Tabys Islamic атты шариғи инвестицияға арналған мобилді қосымша іске қосылды
|
Аталмыш қолданба қазірдің өзінде Play Market және AppStore қосымшаларында бар. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz ақпарат кзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Tabys Pro мобилді инвестициялық қосымшасының иесі Teniz Capital шариғат талаптарына сай инвестициялау үшін Tabys Islamic мобилді қосымшасын іске қосты. Қосымшада қамтылған барлық бағалы қағаздар Ailat сервисінің шариғаттық комплаенсімен мақұлданды.
Teniz Capital Investment Banking басқарушы директоры Ерлан Сұлтанов айтып өткендей, "осы жылдың сәуір айында біздің Tabys Pro инвестицияларға арналған мобилді қосымшамыздың соңғы релиздерінің бірінде біз Halal-инвестициялау режимін іске асырдық және аудитория арасында - тәжірибелі инвестор-мұсылмандар арасында үлкен резонанс болды. Сондықтан біз иұнымен ғана шектеліп қалмай өзіміздің әріптесіміз - Ailat сервисімен бірге инвестициялауға арналған жеке қосымшаны іске қостық - Tabys Islamic. Халал инвестицияларды жеке мобилдік қосымшаға бөлу шариғаттық скринингтің ашықтығы мен тазалығына кепілдік береді: инвесторлар Tabys Islamic-тегі әрбір құрал күмәнді активтердің рұқсат етілгендермен қатар тұрмауы үшін тәуекелсіз ислами қаржыландыру нормаларына сәйкестігін тексеруден өткенін нақты біледі".
Жеке қосымшадан басқа Teniz Capital серіктестігі мен Ailat сервисі Tabys Pro-дағы Halal-скринингке де қатысты. Tabys Pro қосымшасының интерфейсіне үйренген инвесторлар үшін Halal режимі әлі де жұмыс істеп тұр. Ailat скринингі тексерудің үш деңгейін қамтиды. Бірінші кезеңде AI-жүйе қаржылық коэффициенттерді, кіріс құрылымын және қызмет түрін қоса алғанда компаниялардың жарияланған есебін автоматты түрде талдайды. Екінші кезеңде тексеру нәтижелерін Ailat сарапшылары зерттейді: олар есептеулердің дұрыстығын тексереді, даулы жағдайларды талдайды және кәсіби баға береді. Исламдық қаржылық скрининг әдіснамасы бойынша соңғы растауды Шариғаттың сақталуын қадағалау кеңесі жүзеге асырады
"Tabys Islamic және Tabys Pro аясындағы Teniz Capital серіктестігі - исламдық және этикалық инвестициялардың инфрақұрылымын дамыту үшін маңызды қадам. Бүгінде көптеген адамдар қайда инвестиция салатынын, компаниялардың қоржынынан қалай табатынын және өздерінің ұстанымдарына қаншалықты сәйкес келетінін түсінгісі келеді. Ailat бұл сұранысты скрининг технологиясы, сараптамалық әдіснама және деректер сапасын үнемі бақылау арқылы жабуға көмектеседі. Бағалы қағаздарды скринингтеу біз үшін адамдар мен бизнеске саналы түрде қаржылық шешімдер қабылдауға және капиталды нақты пайдамен байланысты құралдарға бағыттауға көмектесу сияқты кең ауқымды міндеттің бір бөлігі", - деп атап өтті Ailat негізін қалаушы Азат Өтепбай.
Ailat исламдық қаржы, этикалық инвестициялар және нақты активтер арқылы бизнесті қаржыландыру торабында финтех-шешімдерді дамытады. Сервис әдіснамасы AAOIFI халықаралық стандарттарына негізделген және акциялардың исламдық скринингінің өлшемдері бекітілген 2024 жылдың желтоқсандағы Alhamd Shariah Advisory Services (Pvt) Limited пәтуасымен расталған.
Tabys Pro және Tabys Islamic мобилді қосымшаларымен интеграция өз кезегінде ислам тұрғысынан этикалық қаржы технологиялары жаппай инвестициялық өнімдерге қалай кірігетінін көрсетеді. Қазіргі уақытта Tabys Pro-да исламдық инвестицияларға бағдарланған пайдаланушыларға AAOIFI (Исламдық қаржы институттарының бухгалтерлік есеп және аудит ұйымы) халықаралық стандарттарына негізделген әдіснама бойынша тексеруден өткен 1400-ге жуық инвестициялық құралдар бар.
Компанияның қаржылық моделіне ерекше назар аударылады. Ислами қаржы қағидалары пайыздық ақшамен түсетін табысты және бизнестің пайыздық борышқа шамадан тыс тәуелділігін құптамайды. Егер компания аралас қызмет атқаратын болса, Ailat скринингтен өтпейтін бағыттардан түсетін кірістердің үлесін қосымша бағалайды.

2024 жылдың тамыз айының 2-де берілген № AFSA-A-LA-2024-0022 лицензия