Dubai Reefs жобасы болашақта теңізде қоныстанудың эталонына айналады (видео)
Dubai Reefs жобасы болашақта теңізде қоныстанудың эталонына айналады (видео)
12 ай бұрын 933 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

URB компаниясы Dubai Reefs деп аталатын ірі ғылыми және инфрақұрылымдық жобаның бір бөлігі ретінде Дубай жағалауында жаңа елді мекеннің құрылатынын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы бірқатар араб және батыстың бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 199 шаршы шақырым аумақта жасанды риф аймағы құрылады, онда миллиардтаған тірі маржандар мен мангрлар шығарылады. Бұл риф қалқымалы платформаларда салынатын болашақ елді мекеннің шегі мен шекарасын белгілейді. Аталмыш жобан үш маңызды міндетті қамтиды. Мұнда, біріншіден, мұхиттарды пайдалану мәселелерін зерттейтін жаңа институт жұмыс істейді. Екіншіден, бұл елді мекен өзін-өзі толық қамтамасыз ететін, атмосфераға бөлетін зиянды заттары жоқ қаланың үлгілі үлгісіне айналуы тиіс. Үшіншіден, Дубай билігі қазіргі заманғы мелиоративтік технологияларды пайдалана отырып, мұнай терминалдарын салу үшін тереңдету жұмыстары кезінде жойылған жағалаудың экологиялық ортасын қалай қалпына келтіруге болатынын зерттегісі келеді. Бұл аймақ рифті қорғау пластормасына айналуы тиіс. Дәлірегі, аталған аймақта кеменің жүзуіне (навигацияға) және оның түбінде қандай да бір жұмыстар жүргізуге тыйым салынады. Толқыннан энергия өндіретін генераторлар орнату, қоршаған ортаға зиянды қалдық бөлмейтін суасты шаруашылықтарын ұйымдастырумен қатар, елді мекен электр қуаты мен азық-түлікті осы көздерден алатын болады. Институтта жұмыс істейтін ғалымдар су астында азық-түлік өсірудің, судың өзін тазартудың, қоқыс пен ағынды суларды (канализация) шығару мәселелерін шешудің және т.б. жаңа технологияларды дереу сынақтан өткізе алады. Жобаны қолға алудың немесе жүзеге асырудың қосымша мақсаты – мұхитты пластик қалдықтарынан тазарту әдістерін зерттеу және атмосферадан көміртекті сіңіретін риф негізінде жүйені құру. Аталмыш жоба 30 000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, ал аяқталғаннан кейін риф қаласы туристердің баратын орнына айналады.

0 пікір
Мұрағат