Бір мезетте 13,5 млрд адам сөйлесетін байланыс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Бір мезетте 13,5 млрд адам сөйлесетін байланыс жүйесі сынақтан сәтті өтті
7 жыл бұрын 3435 inform.kz Ерлан Қожакелдиев

Қытай алғаш рет бір уақытта 13,5 млрд адам сөйлесетін оптикалық-талшықты байланыс жүйесін сынақтан өткізді.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі Ухань телебайланыс ғылыми-зерттеу институтына (Орталық Қытай) сілтеме жасап хабарлады.

"Бұл Қытай оптикалық байланыс технологиясы дамудың жаңа кезеңіне түсті деген сөз, алыс қашықтықтарға көз ілеспес жылдамдықпен аса ірі деректер көлемі жіберілетін болады», - деді жобаға қатысушылар. Олар ақпарат жіберу жылдамдығының  секундына 560 терабайт болғанын атап өтті.

Соңғы уақытта желілік байланыстың жаһандық жүйелері ақпараттың көбеюінен көп ауыртпалыққа ұшырауда.  Сондықтан, әлемнің көптеген елінде, соның ішінде ҚХР-да жетілдірілген оптикалық-талшықты технологияларды әзірлеу қажеттілігі туындады. Қытай жылдамдығы секундына 100 терабайттан асатын байланыс жүйесін сынақтан өткізіп көрді, алайда жергілікті билік бір жылдан кейін бұл көрсеткішті екі есеге, кейінірек үш есеге көбейтті. 

0 пікір
Мұрағат