Анайы видеоларды көрудің тағы бір залалы анықталды
Анайы видеоларды көрудің тағы бір залалы анықталды
18 күн бұрын 758 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Шенду медициналық колледжінің (Қытай) ғалымдары анайы видеоларды (порнография) көрудің тағы бір қатерін анықтады – адамның конгнитивті қабілеті жедел төмендейтін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы сынақ барысында он минут анайы видеоларды көрген студенттер қателікке көп ұрынған. Жауап беруде қиналған. Анайы видеолар ми қызметіне теріс әсер етіп, тіпті, алжу ауруына (деменция) ерте бастайтынынын алға тартып отыр қытай ғалымдары. Бұдан бөлек, ми қызметінің белсенділігінде өзгеріс байқалған: анайы видеоларды жиі көретін адамның миында қандай бір нәрсеге тәуелді болып қалған адамға немесе шизофренияға тән белгілер тіркелген. Олардың миында импулс мен эмоцияға жауапты бөліктерінің арасындағы байланыс күшейгенімен сөйлеумен және қимыл-қозғалыспен байланысты ми аймақтарының қызметі баяулаған. Бұдан бөлек, анайы видеоларды көретіндердің күйзеліске бейім келетіні анықталды. Интернет дәуірінде адамды өзіне тәуелді етіп тастайтын контенттердің ең қауіптісі саналатын анайы фильмдерді көруге кей елдерде заңмен тыйым салынған. Мидың префонталды қыртысын әлсіретіп, дофаминнің көптеп бөлінуіне ықпал етеді. Нәтижесінде адамның анайы көрініске тәуелділігі артады. Күйзеліске бой алдырады. 

0 пікір
Мұрағат