Адамға жақын жүретін жануардың бойынан антибиотикке «селт етпейтін» бактерия табылды
Адамға жақын жүретін жануардың бойынан антибиотикке «селт етпейтін» бактерия табылды
3 жыл бұрын 2156 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар лемур организімінен антибиотикке аса төзімді бактерия тапты. Дәлірегі, Дьюка университетінің ғалымдары адамға жақын жүретін аталмыш жануардың көбінесе ішкі ағзаларынан табылған микроорганизмнің антибиотикке төзімді келетінін зерттеп білген екен. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedaily.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, антибиотикке төзімді генетикалық маркерлерді іздеп, ануардың бойынан табылған барлық микробтардың генін секвенирлеген екен. Бұл бағыттағы зерттеу барысында лемурдың ондаған популяциясы салыстырылған болатын: Мадагаскардағы жабайы жеті түрі, Мадагаскардағы лемурларды құтқару орталығындағы және АҚШ-тың Дьюка лемурлер орталығындағы екі түрі зерделенген. Бұдан бөлек, Мадагаскардағы үй жануары ретінде ұсталатын лемурлар да зерттеуден тыс қалған жоқ. Жабайы лемурлардың ішек микробиотындағы антибиотикке төзімді гендердің орташа үлесі нөлге тең десе де болады, ал зерттеу орталығындағы лемурлардан бұл көрсеткіш 25 есеге жоғары болған, ол ол ма, үй жануары ретінде ұсталатын лемурларда бқл көрсеткіш 35 есеге артық болған. Құйрығы сақина тәрізді лемурлар адамдармен жиі контактіде болады, үйде адамның иығынан түспейді десе де болады, туристермен жиі суретке түседі. Олардың адамдарға жақын жүргені, яғни, жат әлеуметтік ортада жүретіні - үй жануарлары ретінде ұсталатын лемурлардың бойындағы микроорганизмдердің антибиотикке төзімділігі артады. Қауіп қайдан дерің бар ма - егер мұндай микроорганизмдер адамға жұқса, нағыз қауіп сонда басталады. Ал жабайы лемурлар организміндегі бактериялардың антибиотикке төзімділігі адамдардың іс-әрекетіне қарай қалыптаспақ: тіршілік ету ортасын жайылымға айналдыру, фермерлік секілді шаруа қожалықтары, туристік салалар өз кезегінде олардың дәрі-дәрмекке деген төзімділігін арттыратын факторлар ретінде алға шығады. Жабайы жануарлармен тепе-теңдікті сақтау үшін әуел бастағы олардың жаратылысына сай тіршілік ету ортасынан айырмау керек, былайша айтқанда, адамдарға жақындату үйлесім мен тепе-теңдіктің сақталуына салқынын тигізеді, бұл  жайт өз кезегінде адамзаттың өзіне қауіп төндірмек. Жабайы жануарлар адамға жақындаған сайын олардың бойындағы микроорганизмдердің дәрі-дәрмекке төзімділігі арта береді. 

 

0 пікір
Мұрағат