Алтын құнсызданған дәуір: адамзаттың күні бүгінгі дейінгі тарихындағы ең бай адам мұсылман болған
Алтын құнсызданған дәуір: адамзаттың күні бүгінгі дейінгі тарихындағы ең бай адам мұсылман болған
5 жыл бұрын 3353 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тарихшылар адамзат жаратылғалы бері осы күні бүгінгі күнге дейінгі ең бай болған адамның кім екенін анықтады. Осы заманғы дәулеттілердің өзі оның жанында жіп есе алмайтын еді. Ол - орта ғасырда Сахара шөлінен Малиге дейінгі ұлан-ғайыр аралықта патшалық құрған Мұса есімді билеуші. Бұл жайында Live Science ақпарат көзі хабар таратты. Оның портреті 1375 жылы Майорка аралында салынған "Каталон атласы" орта ғасырлық манускрипте сақталып қалған. Белгілі болғандай, Мали империясы алтынның аса мол қорына ие болған. Бұл қорды Мұсаның өзі бақылаған. Қымбат металдан динар шекіліп, XIV ғасырдың негізгі валютасы болған. Мұса 1324-1325 жылдары қажылық парызын өтеп қайтқан еді. Ол қасиетті сапарға жолай кедей-кепшітерге алтыннан садақ таратып, алтын қатты құнсызданып кеткен болатын. Ғалымдар осылайша Африка құрлығындағы халықтар туралы жаңсақ ұғмға үлкен соққы беріп отыр: әдетте Африкалықтар әлемнің ең артта қалған әрі кедей құрлығы санайтын. Мұса билік еткен тұста оның империясындағы халықтар тек әл-ауқатымен ғана емес, сонымен қатар, мәдени құндылықтарының дамуымен көзге түскен болатын. 

0 пікір
Мұрағат