Әлемде алғаш рет экраны жоқ ноутбуктың ерекшелігі мен артықшылығы неде? (фото+видео)
Әлемде алғаш рет экраны жоқ ноутбуктың ерекшелігі мен артықшылығы неде? (фото+видео)
11 ай бұрын 1500 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бірегей ноутбук Android операциялық жүйесінде жұмыс істейді және Snapdragon 865 мобилді чипімен жабдықталған. Жұмыс үстелінде (ноутбуктың экранында) не болып жатқанын ешкім көре алмайды. Ақпаратты құпия ұстауға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы pcworld.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израилдік Sightful стартапы болашақтағы ең ерекше Android ноутбугын – Spacetop-ты шығарды. Оның әдеттегідей экраны жоқ, жұмыс үстелі пайдаланушы AR көзілдірігін киген кезде ғана көрінеді. Ноутбуктің төменгі бөлігі әдеттегі ноутбуктен еш айырмашылығы жоқ: сенсорлық тақта, пернетақта, саусақ ізі сканері және қосқыштары бар пластикалық корпус. Үстіңгі жағында көзілдірікке арналған ойық пен басты бақылауға арналған арнайы сенсорлардан басқа ештеңе жоқ. Пайдаланушы ноутбукты қосып, AR көзілдірігін киеді. Оның көз алдында өлшемі 100 дюймге дейінгі виртуалды экран пайда болады. Жұмыс үстелінің өлшемін реттеуге болады. Көзілдірік - Nreal Light бағдарламасының өзгертілген нұсқасы, ол әр көз үшін 1080p ажыратымдылығын (анық көруді) қамтамасыз ететін және кірістірілген динамиктері бар. AR гарнитурасы ноутбукке сым арқылы қосылады. AR ноутбугының басты артықшылығы - сіз не істеп жатқаныңызды өзіңізден басқа ешкім көрмейді.

Техникалық сипаттамалары да белгілі:

Процессор: Qualcomm Snapdragon 865;

Графика: Adreno 650;

Жад: 8+256 ГБ;

Автономия: 5 сағат;

Өлшемдері: 266 x 249 x 40 мм, салмағы 1,5 кг;

Веб-камера: 5 МП, 2560 x 1920;

ОЖ: Android негізіндегі Spacetop ОЖ.

Құрылғы Wi-Fi 6, 5G, Bluetooth 5.1 функцияларын орындай алады. Сыммен қосылуға USB-C, USB-A, HDMI және 3,5 мм порттары қарастырылған. Өкінішке қарай, ноутбук тек веб-қосымшалар арқылы жұмыс істейді. Мамыр айының 31-і күні Калифорнияда өзгеше ноутбуктың «тұсаукесер» шарасы өтеді. Spacetop бағасы – 2000 доллар.

Sightful Spacetop headset

Sightful Spacetop headset

Sightful Spacetop screens

0 пікір
Мұрағат