Адамзат жердің 43 млн шаршы шақырымының жаратылыс мақсатын өзгертіп жіберген
Адамзат жердің 43 млн шаршы шақырымының жаратылыс мақсатын өзгертіп жіберген
4 жыл бұрын 3040 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Адамзат соңғы 60 жыл ішінде қарқынды жүрген урбанизация мен ауыл шаруашылығы арқылы жердің 43 млн шаршы шақырымының әуел бастағы тұмса табиғатын бұзып қана қоймай, сонымен қатар, жаратылу мақсатын да өзгертіп жіберген. Яғни, жер бетінің, дәлірегі, құрлықтың  32%-ын өзгерткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген неміс және голланд ғалымдарына жөн сілтеген Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамзат 1960 жылдан бері жыл сайын құрлықтың Германия территориясынан екі есе асып түсетін аумағын жерді пайдалану тәртібі мен тәсілін өзгерткен екен. Осы уақыт аралығында планета 0,8 млн шаршы шақырым орманнан айырылған. Бұл аралықта жыртылатын жер мен жайылым көлемі 1 әне 0,9 млн шаршы шақырымға ұлғайған. АҚШ және ЕО елдері орман-тоғай өсіріп, жер жыртудан біртіндеп бас тартып жатыр. Керісінше оңтүстік аймақтар (дамушы елдер) орман-тоғайды аяусыз отап, оның орнына ауыл шаруашылық мақсатта игеруде. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткендердің бірі Карина Винклердің айтуынша,  бұл жайт өз кезегінде биологиялық әралуандылыққа қауіп төндіріп, климат дағдадарысын тереңдетуде.

Ұқсас материалдар:

«Құрлықтағы экологиялық жүйесі тұмса сақталған аумақ 3%-дан аспайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/qurlyqtagy-ekologiyalyq-juiesi-tumsa-saqtalgan-aumaq-3-dan-aspaidy-15110/#gsc.tab=0);

«Биологиялық әралуандылықтың сақталуы ең алдымен адамның өзі үшін керек» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/biologiyalyq-araluandylyqtyn-saqtaluy-en-aldymen-adamnyn-ozi-ushin-kerek-15099/#gsc.tab=0);

«50-ден аса мемлекет өз аумағының 30%-ның экологиясын қорғауға міндеттеме алды» (https://islam.kz/kk/news/alem/50-den-asa-memleket-oz-aumagynyn-30-nyn-ekologiyasyn-qorgauga-mindetteme-aldy-14664/#gsc.tab=0);

«Халықаралық заңгерлер тобы табиғатқа жаппай зиян шектіруді қылмысқа жатқызбақ» (https://islam.kz/kk/news/alem/halyqaralyq-zangerler-toby-tabigatqa-jappai-ziyan-shektirudi-qylmysqa-jatqyzbaq-14478/#gsc.tab=0);

«Кофенің кесірінен тропикалық орман жойылу алдында тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/kofenin-kesirinen-tropikalyq-orman-joiylu-aldynda-tur-15030/#gsc.tab=0);

«17 жыл ішінде Франция аумағындай тропикалық орман жойылған» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/17-jyl-ishinde-frantsiya-aumagyndai-tropikalyq-orman-joiylgan-14931/#gsc.tab=0);

«Адамзат өзіне көр қазып жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamzat-ozine-kor-qazyp-jatyr-11822/#gsc.tab=0);

«Адам қолынан шыққан (жасаған) материалдар жер бетіндегі барлық тіршілік иесінің салмағынан асып түседі» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-qolynan-shyqqan-jasagan-materialdar-jer-betindegi-barlyq-tirshilik-iesinin-salmagynan-asyp-tusedi-14532/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылыну экологиялық жүйені 70%-ға өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynu-ekologiyalyq-juieni-70-ga-ozgertedi-14799/#gsc.tab=0);

"Жаһандық жылыну адамзатты «алтын күз» кезеңінен айырады" (https://islam.kz/kk/news/arturli/jahandyq-jylynu-adamzatty-altyn-kuz-kezeninen-aiyrady-14469/#gsc.tab=0);

"Жаһандық жылыну қаупін алғаш кімдер білген?" ( https://islam.kz/kk/news/arturli/jahandyq-jylynu-qaupin-algash-kimder-bilgen-12774/#gsc.tab=0);

"80 жылдан соң мұсылмандар қажылығын өтей алмауы мүмкін"

"Климат өзгерісі бір және көп жасушалы организмдер генін мутацияға ұшыратады" ( https://islam.kz/kk/news/gylym/klimat-ozgerisi-bir-jane-kop-jasushaly-organizmder-genin-mutatsiyaga-ushyratady-14774/#gsc.tab=0);

"Климат өзгерісі мен азық-түлікке сұраныс биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасын 80 жылдың ішінде 23%-ға тарылтады" (https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-men-azyq-tulikke-suranys-biologiyalyq-turlerdin-tirshilik-etu-ortasyn-80-jyldyn-ishinde-23-ga-taryltady-14378/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат