Адам денсаулығына ең қауіпті эмоция анықталды
Адам денсаулығына ең қауіпті эмоция анықталды
6 ай бұрын 1019 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адам денсаулығына ең қауіпті әрі зиянды эмоцияны атады. Бұл жайында islam.kz порталы Knowridge ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америка құрама штаттарындағы Колумбия университетінің Ирвинг медициналық орталығында бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеуде тәжірибеге қатысушылар ашу-ыза, үрей мен қайғы сияқты түрлі эмоцияларды бастан кешірді, сонымен қатар, бейтарап тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде ашудың қан тамырларының кеңеюіне ең үлкен кері әсерін тигізетінін көрсетті, оның зиянды әсерін шамамен 40 минут бойы сақтайтын болып шықты. Ғалымдар ашу-ызаның қан тамырлары эндотелийінің қызметін бұзатынын, ал бұл жайт өз кезегінде ауыр жүрек-қан тамырларын асқындыруы мүмкін екенін алға тартып отыр. Гленн Левин есімді Бэйлор медицина колледжінің дәрігері ашу-ыза немесе стресс сияқты күшті эмоциялық күйдің ауыр жүрек-қан тамырлары ауруларының қоздырғышы болуы мүмкін екенін атап өтті. Осындай тұжырым жасаған ғалымдар ашу-ызаға ерік бермеудің маңыздылығын атады.

0 пікір
Мұрағат