5G денсаулыққа қауіпті ме - Онкологтың жауабы. Қазақстанда 5G неге мүмкін емес?
5G денсаулыққа қауіпті ме - Онкологтың жауабы. Қазақстанда 5G неге мүмкін емес?
5 жыл бұрын 2637 Молдир Калыкова

Жыл соңына дейін еліміздің үш қаласында - Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте 5G интернет пайда болады. Қазіргі уақытта әлемнің түкпір-түкпіріндегі байланыс операторлары 5G-ді сынақтан өткізіп жатыр. Жалпы бұл байланыс желісімен халық саны 50 мыңнан асатын барлық елді мекен қамтылады деп жоспарланып отыр. Бірақ, әлеуметтік желілерде 5G-дің денсаулыққа зияны жайында жазып, білгісі келгендер көп. Бас және мойын (қалқанша безі) қатерлі ісігінің хирургы, онколог Дәурен Әділбай Tengrinews.kz тілшісіне 5G-дің денсаулыққа қаупі бар-жоғын айтып берді.

Оның айтуынша, осы күнге дейін ұялы телефондар мен олардың қолданылуына қатысты көптеген зерттеу жүргізілген. Сол зерттеулер телефондар мен ісік арасындағы байланыстың жоқ екенін анықтапты.

Дәурен Әділбай. © Тengrinews.kz

"Радиожиілік сәулелендіру осымен ондаған жыл бойы тарап жатыр. Бүгінде ұялы телефондардың қолданылуына қатысты көптеген эпидемиологиялық зерттеу жүргізілді. Ол сәулелендіруден келетін басты зақым - тек кішігірім қызу ғана. Көп жағдайларда ағза мұндай қызуды жеңіл өткереді. Себебі, организмде жылуды реттейтін арнайы жүйе жұмыс істейді", - дейді онколог.

Айтуынша, осы терможүйенің арқасында температура сәл ғана жоғарыласа да, сәулелендіру ешқандай кері әсерін тигізбейді.

"Эпидемиологиялық зерттеулер ұялы телефондар мен ісіктің пайда болу қаупі арасында байланыс жоқ екенін көрсетті. Бесінші буындағы желілер де барлық телефон сияқты сәуле таратады. Желінің жиілігі жоғарылаған сайын ол толқындардың адам ағзасына ену қаупі төмендейді. Яғни, 5G технологиясындағы жоғары жиілік тек тері деңгейінде және теріасты шелмайына әсер етеді. Мидағы қатерлі ісіктің пайда болуына әсерін тигізбейді", - дейді маман.

Жоғары жиілік, яғни электромагнит өрісі адам ағзасына былай әсер етеді екен: денедегі тіндер ол энергияны біртіндеп қабылдай бастайды. Ал электрмагнит өрістерінің жиілігі жоғарылағанда тіндерде жоғары жиілікті токтар пайда болады да адам тез шаршап, кейде басы ауырады. Ал кей жағдайларда қан қысымы көтеріліп, жүрегі ауырады. Осы ретте онколог халықаралық ұйым мамандары жүргізген зерттеудің бірін мысалға келтірді.

"ICNIRP халықаралық ұйымы иондаушы емес сәулелерді зерттеумен айналысады. Осы зерттеудегі мәліметтерге сүйенсек, 5G желісі сәулелендірудің рұқсат етілген мөлшерінен аспайтын болса, одан денсаулыққа тиетін қауіп өте төмен. Бүгінде әлемнің түрлі елдерінде 5G технологиясын қолдану барысында дәл осы ереже сақталып отыр", - дейді Дәурен Әділбай.

Сондай-ақ, ICNIRP ұйымы жүргізген зерттеуде жоғары жиілік пен оның денсаулыққа келтірген зияны жайлы айтылған. Онда ғалымдар ұялы телефондарды қолдану мен бас ауруы, ұйқының бұзылуы немесе қан-тамыр немесе қатерлі ісік ауруларының пайда болуы арасында байланыстың жоқ екенін дәлелдейді. Алайда, АҚШ сарапшылары өз зерттеулерінде 5G адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін екенін ғана айтқан. Дегенмен, ол пікірлер әзірше ғылыми тұрғыда дәлелденген жоқ. 

Айта кетейік, еліміздегі барлық желі жергілікті инфрақұрылымдық инвесторлардың қаражатына салынып жатыр. Статистика комитетінің мәліметінше Қазақстан соңғы 10 жылда желілерді дамытуға 1 триллион теңгеге жуық қаражат жұмсаған. Қазіргі таңда 5G технологиясымен көш бастап тұрған елдерге тоқталсақ, олардың үштігіне Финляндия, Аустрия және Швеция кіреді. 2016 жылы Швеция 5G бойынша рекорд орнатқан екен - секундына 15 гигабит. Бұл осыған дейінгі желілерден 40 есеге жылдамырақ.

Қазақстанда 5G неге мүмкін емес?

Мынау енді ертегілер елінен хабар болды ма?

Халық түсінетін тілмен түсіндіріп өтейін бізде неге але келуі мүмкін емес 5G:
Техникалық мүмкіндік жетіспейді ғой бізде 5G жасауға, 10 жылдық телекоммуникация маманы ретінде айтарым осы.

Ал, 5G деп өзгертіп қоя салатын болса ол басқа әңгіме. Кезінде толық емес 3G ді,  4G LTE етіп өзгерте салу сияқты, одан бірақ бұл әрекеттен жылдамдық өзгермейді. Тек маркетингтің жол болады, және бірін бірі алдау болады.

Қазақ елінде алі 5G үшін әскерилер 3.5 мен 3.7gHz босату керек, оның ұшы ресейден толық бөліп алмаған +7 ге таялады. Ол ұзақ процесс оны 1 жылда шешетін болса жақсы.
Қазіргі бір ЛТЕ радио базаның орнына 5-6 есе көп базалық станция орнату керек болады 5G дың толық қанды ( показуха емес) жұмыс жасауы үшін, себебі 5G дің қамту аймағы ( радиусы) өте төмен. Әр ғимаратқа біреу мүмкін егер трафик көбейіп кеткен жағдайда әр кафе ресторан магазинге біреу орнату керек болады WiFi router сияқты.
Біздегі СЭС және халықтың антенна мен радиацияға деген кері тартпалығын қосканда бұл мүмкін емес.

Кairat Вizhan Фейсбук парақшасынан

0 пікір
Мұрағат