|
Үнді радикалдары мұсылмандарды тапа тал түсте қорлауға көшті (видео)
|
Үндістанның Ражастхан штатына қарасты Сирохи қаласында мұсылманды қорлаған үнді радикалының оғаш әрекеті тек мұсылмандардың ғана емес, сонымен қатар, өзге наным-сенім өкілдерін де бей-жай қалдырмады. Винай Кумар Мина есімді 22 жастағы жергілікті индус Мұхаммед Сәлім есімді алақан жайып, қайыр сұраған жарлы мұсылманды елдің көзінше қорлап қана қоймай, онысын таспаға тартып алып, YouTube-ге жүктеген екен. Әлеуметтік желі қолданушылары да үнді радикалының бұл әрекетіне наразылық білдіріп жатыр. Үнді радикалы автокөлігінің терезесіне күштеп тартып, Рама құдайын «джай шри Рам» деп мадақтауды талап етеді мұсылманнан. Үнді радикалы көп ұзамай тұтқындалды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)