Үнді радикалдары мұсылмандарды қорлаудың жаңа желеуін тапты (видео)
Үнді радикалдары мұсылмандарды қорлаудың жаңа желеуін тапты (видео)
6 жыл бұрын 8953 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік желіде үнді жеріндегі мына сорақы жағдай жиі талқыланып жатыр. Пойызда үнді радикалдарымен сапарлас болған мұсылман жігіт гимнді білмегені үшін қараптан қарап отырып таяқ жеді. Нақтырақ айтқанда, Жамал Мүмин есімді мұсылман жігітке төрт бірдей экстремист жабылып, тергеп, сұрақтың астына алады. Олар мұсылман жігітінен елдің әнұранын, ел премьерінің есімін сқрап, есін шығарады. Мұсылман жігіт өзінің хат танымайтын қара жаяу екенін айтса да олар мұсылман жігітті сыбап, тіл тигізіп, жұдырық жұмсайды. Онымен қоймай, өздерінің бұл жабайы әрекеттерін таспаға тартып алып, ғаламторға жүктеген екен. Бұл жайында Scroll.in ақпарат көзі хабар таратты. Қазіргі уақытта полиция үнді радикалдарының үстінен қылмыстық іс қозғап жатыр. Діни араздыққа жол беріп, мұсылман жігітті қорлаған үшін.

 

0 пікір
Мұрағат