|
Ұлыбританияда сұйық заттарды алып жүруге салынған тыйым алып тасталады
|
Ұлыбритания әуежайларында сұйық заттарды алып жүруге салынған тыйым алып тасталатын болды, деп хабарлайды 24.kz.<з>
Себебі ұшақ айлақтарының бәрінде жүктерді тексеретін 3D сканерлер орнатылмақ. Ол қауіпсіздік қызметкерлеріне кез келген сөмкедегі заттарды анық қарап, тексеруге мүмкіндік береді.
Биліктің мәлімдеуінше, бұл қауіпсіздікті күшейтіп, ұшақтарға отырғызу процесін жеңілдетеді.
Айта кетейік, 2006 жылы Ұлыбритания полициясы ұшақта сусын құтысымен жасалмақ болған лаңкестіктің алдын алған болатын. Осыдан кейін ұшаққа 100 миллиграмнан асатын құтымен сұйық зат алып кіруге шектеу енгізілді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады
■
ДНҚ-ны онкологиялық мутациялардан қорғаудың жасырын тетігі табылды