Тұшшы су қоры әлем бойынша тез сарқылып барады
|
Таяуда бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар күллі әлем бойынша тұшшсы судың бұрынғыға қарағанда тез буланып, тез таусылып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, көлдің булану процесінің гидрологиялық циклге ықпалы артқанын алға тартып отыр Техас A&M университетінің экологы Ган Шжао. Нәтижесінде бұл процесс ауа райы мен климаттық моделдерге айтарлықтай әсер еткен. Жаһандық жылыну қарқынының әрі күн радиациясының артуынан су тез буланатын болған. Мұздақтардың еруі тездеген сайын сұйық судың қоры молаяды, есесіне булану мейлінше шапшаң қарқынмен жүреді. Бұл факторлар өз кезегінде судың айналымына – құрлықта жиналуынан бастап, атмосферада таралуына дейін – әсер етеді. Шжао және оның әріптестері дүние жүзіндегі 1,42 миллион көлді моделдеді. Олар 1985 және 2018 жылдар аралығындағы судың жоғалуы туралы ай сайынғы спутниктік деректерді пайдаланды, сонымен қатар, булану жылдамдығын, көл бетінің ауданын, яғни, айдынның көлемін, мұзбен құрсалған уақытын және жылу сақтаудағы өзгерістерді сараптады. «Біз булану процесі жылына шамамен 1500 км³ болатынын анықтадық. Бұл бұрынғы мәліметпен салыстырғанда 15,4%-ға артық», деді Ган Шжао. Мұндай деректер жиынтығы арқылы бұл су объектілерінің Жер жүйелеріне қалай әсер ететінін түсінуге болады, дейді ғалымдар. Бұл жайт өз кезегінде ауа райын болжауды, су тасқынын, құрғақшылықты немесе өзгермелі климаттағы барлық жаһандық жүйелерді моделдеуді жеңілдетеді.
Ұқсас материалдар:
«Адамзатқа ауызсу тапшылығының қатері төніп келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamzatqa-auyzsu-tapshylygynyn-qateri-tonip-keledi-16391/#gsc.tab=0);
«Ауызсу – келесі соғыстың себебі» (https://islam.kz/kk/news/alem/auyzsu-kelesi-sogystyn-sebebi-15725/#gsc.tab=0);
«Енді бір жиырма жылдан кейін әлемдегі қай елдер ауыз су тапшылығын тартады?» (https://islam.kz/kk/news/alem/endi-bir-jiyrma-jyldan-keiin-alemdegi-qai-elder-auyz-su-tapshylygyn-tartady-7778/#gsc.tab=0);
«Сегіз жылдан соң әлемдегі су тапшылығы 40%-ға жетеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/segiz-jyldan-son-alemdegi-su-tapshylygy-40-ga-jetedi-14991/#gsc.tab=0);
«Әлем бойынша тұшшы су қорларының орын ауыстыруы» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-tushshy-su-qorlarynyn-oryn-auystyruy-video-10239/#gsc.tab=0);
«Әлем бойынша тұшшы су қорына қауіп төніп тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-boiynsha-tushshy-su-qoryna-qauip-tonip-tur-15178/#gsc.tab=0);
«Тұшшы суға қауіп төнді» (https://islam.kz/kk/news/alem/tushshy-suga-qauip-tondi-15320/#gsc.tab=0);
«30 минуттың ішінде тұзды суды тұшшы суға айналдыратын технология жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/30-minuttyn-ishinde-tuzdy-sudy-tushshy-suga-ainaldyratyn-tehnologiya-jasaldy-14149/#gsc.tab=0);
«Ауызсу алудың табиғи сүзгісі – ағаш сүзгі патогендерді залалсыздандырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auyzsu-aludyn-tabigi-suzgisi-agash-suzgi-patogenderdi-zalalsyzdandyrady-15014/#gsc.tab=0);
«Су тапшылығының алдын алудың өзгеше тәсілі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/su-tapshylygynyn-aldyn-aludyn-ozgeshe-tasili-15973/#gsc.tab=0);
«Сауд Арабиясы мен Мысыр тұшшы су үшін соғысуы мүмкін бе?» (https://islam.kz/kk/news/alem/saud-arabiyasy-men-mysyr-tushshy-su-ushin-sogysuy-mumkin-be-8030/#gsc.tab=0);
«Күніне 205 мың текше метр тұшшы су өндіріледі» (https://islam.kz/kk/news/alem/kunine-205-myn-tekshe-metr-tushshy-su-ondiriledi-12784/#gsc.tab=0);
«2050 жылға қарай жер шары тұрғындарының жартысы тұшшы суға зар болады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/2050-jylga-qarai-jer-shary-turgyndarynyn-jartysy-tushshy-suga-zar-bolady-10744/#gsc.tab=0)