Түркия туристерге шетелдік төлқұжатсыз жүруге рұқсат етуі мүмкін
Түркия туристерге шетелдік төлқұжатсыз жүруге рұқсат етуі мүмкін
9 жыл бұрын 2599

Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекші елде арнайы туристік аймақ қалыптастыру турасында сөз қозғады. Шенеунік туристерге шетелдік төлқұжатсыз ел аумағында жүруге мүмкіндік жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл арада Егей және Жерорта теңіздерінің жағалаулары, дәлірегі, Чешм, Бодрум, Дидим, Мәрмара және Анталья аудандары турасында сөз болып отыр. Нихат Зейбекші аталған мәселе бойынша орман және су ресурстары министрімен кездесіп, Егей теңізінің жағалауындағы ормандарда аңшылық құру мәселесін талқылады. Сондай-ақ, мәдениет және туризм, қаржы, кеден істері жөніндегі министрліктермен кеңес өткізді. Айта кетейік, Түркияның туристік саласы әлемдегі ең өркендеген, ел экономикасын алға сүйреген негізгі салаға айналған. Тек соңғы он жылдың көлемінде бұл саланың ақсап тұрғаны жасырын емес. Туризмді жандандыру, туристерді ынталандыру мақсатында әлгіндей шаралар қолға алынады. 

0 пікір
Мұрағат