Түркия НАТО құрамынан шығуы мүмкін
Түркия НАТО құрамынан шығуы мүмкін
3 жыл бұрын 3746 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуроазиялық үкімет қауымдастығының жетекшісі Хасан Женгіз ресейлік lenta.ru ақпарат көзінің тілшісі Хаял Муаззинге берген сұхбатында Түркияның НАТО құрамынан таяуда шығатынын мәлімдеді. "НАТО мерзімі аяқталды, ми жүйесі істен шықты. Мұны осыдан бір жыл бұрын Макрон да, Меркел де растаған. Көп ұзамай НАТО құриды, оны өздері де түсініп отыр, өздерінің одақтастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды",- деп мәлімдеді Хасан Женгіз. Оның айтуынша, солтүстік саяси-әскери альянс таяудағы 2-3 жыл ішінде тарқап тынады. Ал Ресей құрамына Түркия енетін жаңа стратегиялық пакті құрады. Түркияның НАТО құрамынан шығуы аталған саяси-әскери одақтың күйреуін тездетеді. Естеріңізге сала кеткіміз келеді: өткен жылдың қараша айында Франция президенті Эммануэль Макрон НАТО-ның миы өлді деп мәлімдеме жасаған болатын. Оның айтуынша, АҚШ Еуропдан теріс айналып алыстап барады. Осылай деген ол Еуропаға жар жағасында тұрғандықтан қуатын асыру қамына кірісу керектігін алға тартқан еді.

Түркия солтүстік саяси-әскери альянс құрамындағы әскери қуаты АҚШ-тан кейінгі орында тұр. Түркия НАТО құрамынан шығатынын ресми мәлімдемесі де соңғы жылдары бұл сарапшылар мен саясаткерлер жиі көтеретін тақырыптардың біріне айналған. Әсіресе, ресейлік зениттік-зымыран кешенін Түркия тарапы сатып алғаннан кейін, дәлірегі, Түркия Ресеймен байланысын күшейтіп, аймақта(Сириядағы, Либиядағы, Жерорта теңізіндегі, т.б.)  дербес саясат жүргізе бастауы НАТО құрамындағы жетекші елдердің наразылығын тудырып отыр. Бұл туралы кезінде сайтымыздың жаңалықтар таспасында кеңінен талдап, тарқатып жазғанбыз: "Түркия НАТО құрамынан шығуы мүмкін" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-nato-quramynan-shyguy-mumkin-9191/#gsc.tab=0),"Түркия НАТО құрамынан шығуы мүмкін бе" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-nato-quramynan-shyguy-mumkin-be-10259/#gsc.tab=0), "Ресейдің сына қағар қаруы" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/reseidin-syna-qagar-qaruy-11965/#gsc.tab=0) - осы материалдардан толық біле аласыздар. 

0 пікір
Мұрағат