Түріктердің ұшқышсыз ұшатын автокөлігі (фото+видео)
Түріктердің ұшқышсыз ұшатын автокөлігі (фото+видео)
4 жыл бұрын 4117 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның ұшқышсыз ұшатын аппараттар өндірісімен айналысатын Baykar компаниясы Gezeri деп аталатын отандық алғашқы ұшатын автокөлікті жұртшылықтың назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі түріктердің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш компания өкілдері Baykar Gezeri моделін қалай сынақтан өткізгенін YouTube арнасына жүктеген видео арқылы көрсеткен екен. Салмағы 230 келі тартатын аппарат жер бетінен 10 метр биіктікке дейін көтерілді. Компания мамандары, сондай-ақ, жақын болашақта 2 мың метр биіктікте оның жылдамдығын сағатына 100 шақырымды артқа тастайтындай етіп жетілдіруге болатынын алға тартып отыр. Аппарат шамамен 70-80 шақырымға дейін ұша алады. Baykar Gezeri — электрмен жүретін аэромобил, электр қуатын аккумулятор батареясынан алады.

0 пікір
Мұрағат