|
Тұңғыш араб ғарышкері жерге аман-есен оралды
|
Біріккен Араб Әмірлігінің ғарышкері әл-Нейади мен команданың өзге мүшелері Халықаралық ғарыш стансасынан жерге аман-есен оралды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Al-Arabiya ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғарышкерлер мінген SpaceX Dragon капсуласы Флоридадағы Жексонвил жағалауы маңында, дәлірегі, Атлант мұхитына құлады. Араб ғарышкерлері медициналық тексеруден өткеннен кейін үй-жайына оралады. Сөз орайы келгенде сұлтан әл Нейадтың алғашы араб ғарышкері атанғанын естеріңізге сала кетпекпіз. Ол халықаралық ғарыш стансасында 184 күн болды. Отаны оны ұлт қаһарманы ретінде қарсы алуға дайындалып жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды