Телеарналар да халал сертификатына ие бола бастады
Телеарналар да халал сертификатына ие бола бастады
3 жыл бұрын 1818 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Башқұрстандағы "Уфанет" компаниясының "Живая природа" мен HOME 4K телеарналары тарататын хабарларының шариғи талаптарға (ішімдік секілді дінімізде тыйым салынған жат әдеттерді жарнамаламау, төсек қатынасын насихаттамайтын, т.б.) сай келетініне байланысты халал сертификатына ие болды. Бұл жайт өз кезегінде аталған телеарналардың мұсылман елдерінде де хабар таратуына мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде республиканың сыртқы экономикалық байланыстар және конгрестік қызмет жөніндегі мемлекеттік комитетінің қорытынды жиынындағы "Уфанет" компаниясының құрамына кіретін "Ирида" акционерлік қоғамының бас директоры Ирина Шленкинаға жөн сілтеген islam.ru ақпрат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, HOME 4K мен "Живая природа" телеарналары халал сертификатына Ресей аумағында тұңғыш ие болған телеарналар ретінде тарихта қалады. Осылайша аталған телеарналар хабар тарату аумағын географиялық тұрғыдан ұлғайтуға әрі мұсылман елдерімен мәдени байланысты тереңдетуге мүмкіндік алып отыр. Мұндай сертификатты Башқұртстан республикасының мұсылмандар діни басқармасы жанындағы халал индустриясын дамыту орталығы берген. Осыған байланысты аталған телеарналардың қызметкерлері шариғи талаптармен танысып, арнайы курстен өткен. Бұдан бөлек, аталған телеарналар ендігі жерде әлемде кеңінен қолданылатын алты тілде, атап айтқанда, ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде хабар тарататын болады. "Уфанет" компаниясының дерегі бойынша аталған телеарналар Словакия, Жапония, Австралия, Үндістан, Сингапур, т.б. әлемнің 28 елінің кабелді ТД және OTT-платформасына қосылған. HOME 4K стерске қарсы арна ретінде аталып отыр: күллі әлемнің жабайы жануарлары мен тұмса табиғаты туралы хабарларымен танымал.

0 пікір
Мұрағат