Тағы бір еуропалық елде мектепте хижаб киюге салынған тыйымды заңсыз деп таныды
Тағы бір еуропалық елде мектепте хижаб киюге салынған тыйымды заңсыз деп таныды
3 жыл бұрын 3095 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Аустрияның конституциялық соты. Аталмыш тыйым елдегі мұсылмандарға бағытталған әрі білім беру жүйесіндегі балалар құқығын бұзады. Бұл жайында өткен аптаның соңында брифингте Аустрия конституциялық сотының төрағасы Кристоф Грабенвартер мәлімдеді. Конституциялық сот елдегі мұсылман тұрғындарының діни киіміне тыйым салуды құптамайды. Осы тұста 2019 жылдың мамыр айында Аустрияның ұлттық кеңесі (парламенті) бастауыш мектепте қыз балаларға шариғат шәлісін жамылуға тыйым салу қарастырылған заңды қабылдағанын айта кетпекпіз. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында «Швед соты хижабқа тыйым салу қарастырылған заң жобасына тосқауыл қойды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/shved-soty-hijabqa-tyiym-salu-qarastyrylgan-zan-jobasyna-tosqauyl-qoidy-14492/#gsc.tab=0) жаңалығында да швед сотының адам құқығы мен наным-сенім бостандығына құрметпен қарайтынын жазғанбыз.

0 пікір
Мұрағат