Тағы бір ел цифрлы валютасын айналымға енгізеді
Тағы бір ел цифрлы валютасын айналымға енгізеді
2 жыл бұрын 1222 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістан 2022 жылы цифрлы валютасын айналымға шығаруды жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Indian Express дерек көзіне жөн сілтеген Tengrinews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің қаржы министрі Нирмала Ситхараман бюджет мәселелері бойынша жыл сайынғы мәлімдемесінде цифрлы рупия жобасын қолға аландарын жария еткен болатын. Оның айтуынша, мұндай шара ел экономикасына үлкен серпін беріп, валютаны басқарудың тиімді әрі арзан жүйесін құруға мүмкіндік бермек. Осылай деген министр криптовалютамен байланысты түскен пайдаға 30 пайыз салық салынанытын құлағдар етті. Қазіргі уақытта бұл тараптағы заң жобасы Үндістанның орталық банктің сараптамасынан өтіп жатыр. Ал сарапшылар не дейді? Олардың сөзіне қарағанда, мемлекеттік криптовалютаны айналымға енгізу тұтынушыларға айтарлықтай әсер етпейді, есесіне ел экономикасын едәуір нығайтады. Блокчей негізіндегі валюта қауіпсіз транзакция жасауға әрі салық төлеу процедурасын оңайлатуға жол ашады. CBDC негізгі артықшылықтарының біріне төлем инфрақұрылымын жаңғыртуды жатқызуға болады - компаниялар, банктер және тұтынушылар арасындағы ақша аударымдары транзакция түріне қарамастан лезде жүзеге аспақ. Сөз орайы келгенде Үндістанның әлемде цифрлы валюта жобасын қолға алған осымен үшінші ел екенін айта кету керек. АҚШ пен Қытайдан кейін.

Ұқсас материалдар:

"Цифррлы доллар криптовалютаның бәсекелесі ретінде" (https://islam.kz/kk/news/alem/tsifrrly-dollar-kriptovalyutanyn-basekelesi-retinde-16541/#gsc.tab=0);

"Цифрлы валюта енгізілетін әлемдегі алғашқы ел" (https://islam.kz/kk/news/alem/tsifrly-valyuta-engiziletin-alemdegi-algashqy-el-10986/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат