Азия елінде жануарларды қорғау туралы заң қатаяды
Азия елінде жануарларды қорғау туралы заң қатаяды
2 жыл бұрын 1548 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Корея билігі жануарларға қатысты қатыгездіктің алдын алу үшін қосымша шаралар қабылдайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде таңғы шық елінің азық-түлік, ауыл, орман және балық шаруашылығының министррлігіне жөн сілтеген корейлердің Yonhap News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан былай бұл тараптағы заң талаптарына сәйкес үй жануарын аштан қатырған қожайынына 30 млн вон (корейлердің ұлттық валютасы – ред.) айыппұл салынады немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырады. «Жануарларды қорғау туралы заңға» енгізілген тиісті түзету 2023 жылды сәуір айының 27-і күні қолданысқа енеді. Бұдан бөлек, 2024 жылдың сәуір айынан бастап, қауіпті бес ит тұқымын, атап айтқанда, тоса-инуді, ротвейлерді, америкалық питбультерьерді, америкалық стаффордтық терьерді және стаффоррдты бурьтерьерді асырау үшін құзырлы орыннан арнайы рұқсат алуы тиіс. Мұндай шара иттердің адамға шауып, жазатайым оқиғалардың көбеюіне байланысты қола алынып отыр. KF Financial Group келтірген дерекке үңілсек, 2020 жыл қортыныдысы бойынша Оңтүстік Корейде 6,04 млн отбасы немесе тұрғын я болмаса халық санына шаққанда 29,7%-ы үй жануарын асырайды.

0 пікір
Мұрағат