Цифррлы доллар криптовалютаның бәсекелесі ретінде
Цифррлы доллар криптовалютаның бәсекелесі ретінде
2 жыл бұрын 1921 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тыңң  орталық банкі цифрлы валюатаны шығаратындарын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы edition.cnn.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ақ үй қожайыны Джо Байден таяуда үкіметтік мекемелерге АҚШ-тың цифрлы долларын жасауға тапсырма берген болатын, алайда, бұл шараның қатерлі тұстары мен артықшылықтарын сарапқа салып барып шешім қабылдауға пәрмен берген еді. Соның ішінде, тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы цифрлы валютамен байланысты ықтимал қандай заңсыздықтар орын алатынын, цифрлы валютаны заңсыз әрекеттерге,  мәселлен террористерді қаржыландыру көзіне айналу ықтималдылығын анықтап барып, шешім қабылдауға үндеп отыр. Осылайша сарапшылар мен қаржыгерлерге 180 күнге дейін мұрсат беріп отыр, нақты шешім қабылдауы үшін. АҚШ билігінің бұл қадамы өз кезегінде әлемдік қаржы жүйесіндегі ойын ережесін өзгертуі мүмкін екенін алға тартып отыр сарапшылар. АҚШ билігін мұндай қадамға шектеуге немесе тыйымға қарамастан әлем бойынша криптовалюға деген сұраныстың артуы итермелегенін айта кету керек. Ал аталған елдің қаржы министрі Джанет Йеллен цифрлы валюта тарапынан қаржы жүйесіне қандай ықтимал қатер төнетінін ескеріп әрі тиісті қауіпсіздік шараларын қамдау бағытында жұмыс атқаратынын мәлімдеді. Егер АҚШ билігі цифрлы валютаны айналымға енгізер болса, аталған ел өздерінің цифрлы валюта жобасын қолға алып жатқан немесе қолға  алған әлемнің 100-ден аса елінің қатарынан табылатын болады. Ақ үйдің экономикалық кеңесшісі Брайан Диз CNBC телеарнасының эфирінен мұндай қадам АҚШ-тың жетекшілік орнын сақтап қалу үшін жасалып отырғанын мәлімдеді. Соңғы  жылдары криптовалюта танымалдылығы күрт артып кетті. Криптовалютаның нарықтағы капиталы өткен жылдың қараша айында 3 трлн долларға жеткен. Ал бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрын 14 млрд доллардан аспаған еді. Ақ үй келтірген ресми мәліметке қарағанда, ересек америкалықтардың шамамен  16%-ы, яғни, 40 млн-дай азамат криптовалютаны пайдаланған, онымен инвестиция құйған немесе есеп айырысқан, сауда жасаған. Десе де кейбір америкалық қаржыгерлер бұл тенденциядан қауіптеніп отыр: елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар, елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін қадам етінде бағалаған болатын. Бостондағы федералды резервтік банк (Federal Reserve Bank of Boston) пен Массачусет технологиялық институты (Massachusetts Institute of Technology, MIT) бірігіп жүргізген бұл бағыттағы зеттеу нәтижесіне сәйкес цифрлы доллар айналымға енгізілген жағдайда ол криптовалютаны нарықтан ығыстырып, Visa халықаралық төлем жүйесінде артықшылықтар тудырады. Бұдан бөлек, цифрлы доллардың техникалық мүмкіндіктері де зерделенген болатын. Аталмыш жобада қолданылатын технологияның секундына 1,7 млн транзакцияны жасауға мүмкіндік беретіні белгілі болып отыр. MarketWatch дерек көзінің хабрына қарағанда, Visa халқаралық төлем жүйесінің бір секундта цифрлы валютамен салыстырғанда 2,5 есе аз транзакция жасауға ғана мүмкіндік беретіні де назардан тыс қалмады. Компьютерлік модел көрсеткендей, 1 секундта цифрлы валюта арқылы жасалатын транзакция мөлшерін АҚШ-тың банк жүйесі екі секундта ғана жасай алады. Цифрлық доллардың көмегімен есеп айырысу жылдамдығы криптовалюталар – биткоин және эфир арқылы төлемдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары – цифрлы доллармен секундына 7 және криптовалютамен 25 транзакция жүзеге асады. Ұлттық валюталардың цифрлық нұсқасы мемлекеттер үшін мүлдем жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, атап айтқанда, валюта бағамын есептеу үшін «ортақ бөлгіш» ретінде SWIFT жүйесінсіз және долларсыз әртүрлі елдердің банктері арасындағы тікелей трансшекаралық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Цифрлы  доллар ақшаны сақтайтын, айналымға жіберетін, т.б. банкте емес, федералды резервтік жүйеде тіркеледі, соған қарамастан оның құны қағаз баламасымен бірдей болмақ. Десе де цифрлы доллар биткоин секілді блокчейн технологиясына негізделе ме және қандай да бір төлем жүйесімен байланысты бола ма деген сауалдар басы ашық күйінде қалып отыр. Қалай дегенмен жаһандық қаржы саласындағы бұл өзгеріс, сарапшыларың айтуынша, цифрлы доллардың қолданысқа немесе айналымға енуі ешқандай «революция емес, табиғи эволюция» ретінде бағаланатын қадам болмақ, күн сайын валюта нарығының электронды түріндегі айнлымы 6,5 трлн долларға жеткен. Цифрлы долларға цифрлы юан (қытайдың ұлттық валютасының лектронды нұсқасы) бәсекелес болуы мүмкін. Бұл нарықта қайсысының бағы жанатыны оның қолданысқа қаншалықты сәтті енгізілуіне, яғни, айналымға шығарудың тиімді жолдарына байланысты болмақ. 

0 пікір
Мұрағат