Шіркеу 400 жылғы үнсіздіктен кейін алғаш рет жария түрде кешірім сұрады
Шіркеу 400 жылғы үнсіздіктен кейін алғаш рет жария түрде кешірім сұрады
3 жыл бұрын 5186 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Германиядағы Айхштет қаласындағы католиктер шіркеуі алғаш рет осыдан 4 ғасыр бұрын шіркеудің ұйытқы болуымен орын алған, тарихта «мыстан аулау» деген атпен қалған қасіретті науқан үшін жария түрде кешірім сұрады. Бұл жайында islam.kz порталы The Independent мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оқырмандарымызға түсінікті болуы үшін қарт тарихқа сәл шегініс жасайық: XV- XVIII ғасырлар аралығында осынау ата аталған қалада бірнеше жүздеген адам сиқырлықпен айналысты деген күдіктің құрбаны болды. Дәлірегі, шіркеудің бастамасымен олар азапталып өлтірілді. Арада 4 ғасыр өткен соң неміс жеріндегі католик шіркеуі жария түрде кешірім сұрап отыр. Аталмыш қала архиепископы Франц Ханке бұл сұмдықты «шіркеу тарихының қаны сорғалаған жарасы» деп атады әрі құрбан болғандарды есте қалдыру мақсатында тақта орнататынына уәде етті. Сол кезде күллі еуропа бойынша қасіретті науқанда сиқырлықпен айналысты деген күдікке ілініп, опат болғандар саны шамамен 60 мың адамды құрап отыр. Олардың 25 мыңы осы күнгі Германия аумағында өлтірілген. Шолақ әрі дүмше науқаннан қаза тапқандардың дені әйелдер, алайда, олардың арасында балалар мен ерлер де болған еді. Германиядағы «мыстан аулау» науқанының құрбаны болғандарды ақтап алу бастамасын 2011 жылы священник Хартмут Хегелер көтерген еді. Сол кезден бері немістердің 50-ден аса қаласында, соның ішінде Кельн мен Лейпциг секілді белгілі қалаларда олардың құрметіне мемориалды тақта мен ескерткіштер орнатып, кей жағдайларда көшеге есімдерін берді.

0 пікір
Мұрағат