Саудияның өз ядролық қаруы болуы мүмкін (видео)
Саудияның өз ядролық қаруы болуы мүмкін (видео)
6 жыл бұрын 3500 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран ядролық бағдарламасынан бас тартпаған жағдайда Саудия билігі өздерінің ядролық қаруын жасауға кірісетінін мәлімдеді. Бұл жайында тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман CBS телеарнасына берген сұхбатында эфирден мәлімдеді. "Сауд арабиясы ешқандай ядролық қаруға ие болғысы келмейді. Бірақ, Иран ядролық қару жасаса, біз де қарап қалмаймыз, дереу кірісеміз",- деді ол. Саудия аймақтағы билікке ие болу үшін саяси бәсекелесі Иранды осылайшы ығыстырмақ, ықтырмақ. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылдың орта шенінде корол әулетіне жақын дерек көзінен белгілі болғандай, Иран ядролық бағдарламасынан бас тартпаған жағдайда Саудияның да аса ірі жаппай қырып-жоятын қару жасауға кірісетінін мәлім еткен еді. Тіпті, бұл қадамы үшін жақын одақтасы АҚШ-пен ат құйрығын үзуге де, Иран секілді әлемнен оқушауланып қалу қаупіне де дайын екенін де жайып салған болатын. Бұрын жасырын ақпаратты тақ мұрагері ашық мәлімдеп жүр. Одақтастарының құлағы үйрене беруі үшін. Ядролық қару жасауға Саудияның экономикалық әлеуеті  толық жетеді. Бұған қоса, Саудия әлемдік энергетиканың мол қорына ие. Ол тек аса ірі экспорттаушы ел ғана емес, сонымен қатар, мұнай нарығын қайта қанықтыру мүмкіндігіне ие санаулы елдердің бірі. Бұл өз кезегінде Саудияға мұнай бағасын бір өзі белгілеуіне де мүмкіндік береді. Сол себепті де АҚШ бастаған алпауыт державалар санкция салуға дәті жетпейді. Яғни, мұнай Саудияны сыртқы күштердің кез келген қысымынан қорғайтын қалқан іспеттес. 

0 пікір
Мұрағат