Саудиядағы мұнай өндірісі кемуінің салдары қандай
Саудиядағы мұнай өндірісі кемуінің салдары қандай
5 жыл бұрын 3842 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мұнай төңірегіндегі талас-тартыс пен дау-дамай әлі күнге толас тапқан емес. Керісінше жылдан жылға осынау шикізат түріне қатысты түрлі болжамдар мен оның геосаясатқа тигізер әсері туралы тақырып жиі көтерілетін болып жүр. Соның жарқын бір мысалына тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның мұнай өндіруден алдыңғы орынға шыққан Ресейдің ширек ғасырға жетпей нарықтан кететіні турасында мәлімдемесін алуға болады. Әлбетте, мұнай өндіретін кез келген ел мұнай нарығындағы бәсекелестерін ығыстыру үшін тек мұнай өндірісі мен экспортын арттырып қоймайды, «аузы дуалы» ықпалды тұлғалар мен беделді сарапшылардың аузына сөз салып отыратыны бар. Мәселен, америкалықтардың ойы басқаша: олар алдағы уақытта Саудиядағы мұнай өндірісінің кемуі мүмкін екенін алға тартып отыр. Саудия әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші әрі экспорттаушы ел. Тәулігіне 12 млн баррел мұнай өндіріп отырған ел мұнай өндірісін кемітсе, әлем экономикасына тигізер зардабы орасан зор болмақ. Дәлірегі, күллі әлем дағдарысқа ұшырайды. Тек Саудияны ғана емес, сонымен қатар, АҚШ-ты да, Саудия мұнайын көп экспорттайтын Азия елдерін де алапат дағдарыс шарпиды. Әсіресе, саудиялық мүнайдың негізгі тұтынушысы болып табылатын Азия елдерінің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы қатты зардап шегетін болады. Америкалық сарапшылардың болжамынша Саудиядағы мұнай өндірісі тәулігіне 8,4 млн баррелге дейін төмендемек. Неге аталған елде мұнай өндірісі төмендейтінін ашып айтпаған. Мұның экономикалық салдары қандай? 

  1. Бензин бағасы өсіп, бір галлоны 6,50 доллардан асады;
  2. Мұнай бағасы көтеріліп, баррелі 100 доллардан 220 долларға жетеді;
  3. Әлем бойынша 1,5 млн адам жұмысынан айырылады;
  4. АҚШ-тың жалпы ішкі өнімі 450 млрд долларға кемиді. 

Саудиядағы мұнай өндірісі кемитін болса, еуропалық елдер мұнайды стратегиялық қордан алады. АҚШ билігі Таяу Шығыстағы ахуалдың бақылаудан шықпауына мүдделі. Өйткені, АҚШ үшін аталған аймақ энергия ресурсын өндіруде, әлемдік сауда-саттықта және инвестицияда стратегиялық маңызға ие. Сонымен қатар, Таяу Шығыс халықаралық терроризм мен ядролық қарудың таралу қаупі жоғары аймақ екенін естен шығармаған жөн. Аталған аймақтағы одақтастарына қолдау білдіруді АҚШ билігі өзінің міндеті санайды. Бұл бағытта АҚШ ең алдымен азаматтық билікке қолдау көрсетеді. Екіншіден, гуманитарлық инфрақұрылымды жолға қояды. Сондай-ақ, терроризмге қарсы опреацияларды жүзеге асырады. Ормуз бүғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Иранды тежеп ұстайды. Саудиядағы мұнай өндіріс кемісе, әлемнің кей елдері рецессия жағдайына түседі. Бұл жағдайға жеткізбес үшін мұнаймен қамтамасыз ететін жақ та, мұнай шикізатын тұтынатын тарап та қарап қалмайды: ең алдымен ұлттық мүдде алға шығып, халықаралық ынтымақтастық екінші орынға ысырылады. 

Енді Саудиядағы мұнай өндірісі кеміген жағдайда мұнай нарығындағы негізгі ойыншылардың саяси реакциясы туралы айтпақпыз.

Еуропа одағы

ЕО реакциясы бір текті болмайды. Өйткені, ЕО бір-бірімен саяси әрі экономикалық мүддесі бар бәсекелесуші елдерден тұрады. Бұл фактор өз кезегінде еуропалық елдердің шұғыл жұмылып, жедел әрекет етуіне кедергі келтірмек. Яғни, қалыптасқан жағдайға дер кезінде тиімді жауап қата алмайды. Қанша тырысса да соңғы жылдары ЕО аумағында энергетикалық нарықты ырықтандыру процесі баяу жүріп жатыр. Саудиядағы мұнай өндірісі кемісе, бұл процесс мүлдем тоқтайтын болады. ЕО құрамындағы әр ел көрпені өзіне тартып, өзге мұнай өндіруші елдермен тек өзіне пайдалы мәміле жасасуға тырысады. Бұдан бөлек, Германиядағы атом электр стансасын жабу белгісіз мерзімге кейінге шегерілетін болады. Болгария, Венгрия, Литвадан АЭС-ті уақытша ашуды талап етіледі. Бл АЭС-тер өз кезегінде энергия тапшылығын азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ, ЕО мұнай-газ инфрақұрылымына, айлақ терминалдарына және теңіз жолдарына бақылауда күшейтеді. Еуропаға мұнай тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін. Ұлыбритания, Франция, Полша секілді елдер Саудияға өз әскерін аттандыру мүмкін. АҚШ-пен миссияны бірігіп жүзеге асыруы үшін.

Қытай 

Қытай билігі ел экономикасының барлық аспектісіне қатаң бақылау орнатады. Саудиядағы мұнай өндірісі кемігеннен орын алатын алапат дағдарыс кезінде ең алдымен энергияны тұтыну мөлшерін азайту шарасын уақытша қолға алуы мүмкін. Соның ішінде көлікті пайдалануға шектеулі сағат енгізіп, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жабуы ықтимал. Бұл шаралар өз кезегінде мұүһнай импортын азайтып, энергия ресурстарына кететін шығынды төмендетуге мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, аталған ел Иран мен ресейден, Анголадан, Венесуэладан, Суданнан қосымша мұнай тасымалдауы ықтимал.

Үндістан

Үндістан – әлемдегі ең ірі дамушы нарықтардың бірі болғандықтан энергия ресурсына деген сұраныс жоғары. Бұл ел де Қытай секілді энергия ресурсын үнемдеуге мүмкіндік беретін қатаң шектеу шараларын енгізеді. Бұл ел де Қытай секілді қосымша мұнай көздерін іздейді. Импорттайтын. Бұдан бөлек, жоғары технологиялы Оңтүстік Кореямен, Жапониямен дипломатиялық әрі экономикалық ынтымақтасуға ден қояды.

Иран

Иранға әлемдік энергия дағдарысы «оң жамбасына» келетін болады: былайша айтқанда, осы дағдарысты өз пайдасына шешуге мүмкіндік алмақ. Саудия мұнайының болмауынан ортайып қалған нарықты өз шикізатымен толтыруға ұмтылады. Басқа елдерге қолұшын созатын, яғни, өзге елдердің дағдарысты еңсеруге көмектесетін елге айналып шыға келмек. Санкцияның жойылуына да күш салады.

0 пікір
Мұрағат