|
Саудияда тұңғыш рет әйел адам жүргізу кезінде көлік апатынан қаза тапты
|
Естеріңізде болса, жуырда Сауд Арабиясында королдің жарлығымен әйелдердің көлік жүргізуіне рұқсат берілгенін хабарлаған болатынбыз. Осы аз уақыттың ішінде көлік тізгінін ұстаған әйел адамдардан тұңғыш рет көлік апатына ұшырап қаза болған адам бар. Бұл жайында Gulf News басылымы хабар таратты. Көлік апатынан Саудияда тұңғыш қаза тапқан әйел адам Жидда қаласында автокөлік жүргізуді үйреніп жүрген. Жанында қалай жүргізу керектігін үйретіп, кеңес беріп отырған күйеуі болған екен. Әйел көлік тізгініне ие бола алмай бетон дуалға барып соғылған. Әйел тіл қатпай кеткен, ал жолдасы жарақат алып, емханаға жөнелтілді. Автокөлік күйеуіне тиесілі екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)