Саудия шекарасын жапты. Мутацияланған тәжді тажал вирусына байланысты
Саудия шекарасын жапты. Мутацияланған тәжді тажал вирусына байланысты
3 жыл бұрын 2512 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі ел шекарасын уақытша жапты, дәлірегі, Ұлыбританиядан табылған тәжді тажал вирусының жұғу және таралу қатері жоғары жаңа штаммына, яғни, қоздырғышына байланысты халықаралық әуе қатынасын тоқтатты. Бұл жайында islam.kz порталы араб ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудиядағы бұл шектеу "вирустың табиғатын ашатын ақпарат шықпайынша" созылады, шектеу шарасы әзірге бір аптаға белгіленіп отыр, бұл шектеу жағдайға қарай созылуы мүмкін. 

Саудия билігі мынадай шектеу шараларын енгізген: 

- халықаралық әуе қатынасын тоқтатты. Аталған араб елінің аумағына шектеу енгізілмей тұрып келген шетелдік әуе кемелері кедергісіз елден ұшып кете алады; 

- уақытша теңіз және құрлықтағы шекарасын жапты;

- тәжді тажал вирусының жаңа қоздырғышы табылған шет мемлекеттерден келген азаматтар екі аптаға оқшауланады, тест тапсырады әрі тестен әр бес күн сайын өтіп тұруға міндеттеледі; 

Осы тұста Ұлыбританиядан табылған короновирустың жаңа штаммына байланысты көрші жатқан Франция мен Германия бастаған бірқатар елдер аталған елмен барыс-келісті тоқтатып, шекарасын жауып тастады. Тәжді тажал вирусының жаңа қоздырғышының жұғу және таралу деңгейі бұрынғы штаммдарына қарағанда 70 пайызға жылдам. 

0 пікір
Мұрағат