Сарапшылар: «әл-Кайданың» күні батуға таяу"
Сарапшылар: «әл-Кайданың» күні батуға таяу"
8 жыл бұрын 2704

Аты-шулы «әл-Кайда» лаңкестік ұйымының құрамынан аса ықпалды «Жебһат ән-Нұсра» радикалды тобының кетуін сарапшылар жақсылыққа балап отыр. Содырлар әлемінде салмағы басым топтың бұл террористік ұйымның құрамынан кетуін болашақта «әл-Кайданың» тарауына өз әсерін тигізетініне сенімді сарапшылар.  Еуропалық стратегиялық зерттеулер және қауіпсіздік орталығының терроризмге қарсы срапшысы Евгения Гвоздева осындай пікір білдірді. Десе де, «әл-Кайда» ұйымының әзірге тарай қоймайтынын да айта кетті. «Жебһат ән-Нұсра» тобы неліктен мұндай шешуші қадамға барды? Сарапшылардың айтуынша, аталған топ осылай ету арқылы терроризмге қатысты өз имиджін өзгертіп, Сирия аумағында жаңа альянс құруды көздейді. «Жебһат ән-Нұсра» тобының көсемі Әбу Мұхаммед әл-Жулиани бейсенбіде топтың атауын «Жебһат Фатх аш-Шам» деп өзгертетіндерін мәлімдеді. Сондай-ақ, өздері құратын жаңа альянстың құрылымы өзге лаңкестік ұйымдарға ұқсамайтынын алға тартты.

0 пікір
Мұрағат