Сахара шөлінің оңтүстігіндегі елдерде 212 млн адам әжетханаға зәру (видео)
Сахара шөлінің оңтүстігіндегі елдерде 212 млн адам әжетханаға зәру (видео)
5 жыл бұрын 2500 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2000-2017 жылдар аралығында Сахара шөлінің оңтүстігінде орын тепкен елдерде әжетханаға зәру адамдар қарасы 212 млн-ға артқан. Халық санының шапшаң көбеюіне байланысты. Аталған аймақта адамдардың дені көшелердегі ел көзінен таса қалтарыс-бұлтарыс жерлерде дәрет сындыруға мәжбүр немесе өздерімен бірге алып жүретін пакетті пайдаланып, оны қоқысқа тастайды. Бұл жайында эфиопиялық Capital Ethiopia ақпарат көзі хабар таратты. 2016 жылы тазалық талаптарының сақталмауынан Африка құрлығы 19,3 млн доллар шығын көрген. Бұл қарапайым тазалық талаптарын сақтамаудан табатын ауруды емдеуге кететін шығын. Тазалық талаптарын сақтамаудан ауырып қалған науқастардың жұмысқа шықпай қалғанынан келетін шығын. Африканың Киншас елді-мекенінде, тіпті, қоғамдық әжетхана салтанатты түрде ашылған болатын. Мұның өзі Сахара шөлінің оңтүгстігінде орын тепкен елдер үшін әжетхананың қаншалықты көкейтесті әрі қордаланған мәселеге айналғанын көрсетіп береді. 

0 пікір
Мұрағат