Рождествоны тойлауы үшін христиан тұтқындары 10 күн бостандыққа шығарылды
Рождествоны тойлауы үшін христиан тұтқындары 10 күн бостандыққа шығарылды
2 жыл бұрын 1564 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Христиандар қарасы 83 млн Иран халқының бар-жоғы бір пайызын ғана құрайды. Алайда, шиғалар елінің билігі олардың құқығын барынша қамтамасыз ету мақсатында түрлі бағытта іс-шаралар атқарып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде парсы елінің сот жүйесінің Mizan Online сайтына жөн сілтеген Times Of Israel ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай шаралардың бірі – христиандардың төл мерекесі саналатын Рождествоны туған-туыстарымен бірге қарсы алуына жағдай жасауын жатқызуға болады. Дәлірегі, түрмеде жазасын өтеп жатқан христиан тұтқындарына 10 күн демалыс беріледі. Дегенмен Иран түрмелерінде қанша христиан жазасын өтеп жатқаны турасында хабар жоқ, дәлірегі, қанша адамның Рождествоға байланысты 10 күнге бостандыққа шығарылатыны белгісіз. Десе де сыбайлас қылмыспен қолға түскендер мен ел қауіпсіздігіне қатер төндіргендерге, кісі тонаумен айналысқандарына, өлім жазасына кесілгендеріе мұндай демалыс берілмейді. 

1 пікір
  • Басқа дін өкілдерінің мерекесіне құрметпен қарап, отбасыларымен бірге қарсы алуларына жағдай жасағандары жақсы, дегенмен сақтық шаралары жіті қадағаланады деген ойдамын.
    2 жыл бұрын
Мұрағат