Цифрлы прокурор пайда болды
Цифрлы прокурор пайда болды
3 жыл бұрын 1512 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары ауызша баяндалған істер бойынша 97 пайыз дәлдікпен айып таға алатын жасанды зерде жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды зерде біртіндеп аспаздықтан бастап медициналық мақсатқа дейін өмірдің барлық саласында қолданыла бастады. Өндірісті айтпаған күннің өзінде ақыл-ойды қажет ететін салаларға да батыл енгізіле бастаған жасанды зерде технологиясы осылайша адамзатқа тән күрделі операцияларды меңгере бастады. Таяуда Шанхай қаласына қарасты Пудун ауданындағы халық прокуратурасында жаңа технология сынақтан өткізілді. Ғалымдардың айтуынша, бұл саладағы технология прокурорлардың бас көтерпейтін тірлігін жеңілдетіп, прокурорлардың жасанды зерде өресі жетпейтін күрделі істермен айналысуына мүмкіндік бермек. Дәлірегі, жасанды зерде белгілі бір деңгейде прокурор алмастырып, өздігінен шешім қабылдайтын болады. Прокурор міндетін атқаруға дайындап жатқан жасанды зерде 2015-2020 ылдар аралығындағы 17 мыңнан аса іске қатысты деректер негізінде осынау жауапты іске үйретілген. Цифрлы прокурор айыпты тек қылмыстық істер бойынша ғана емес, айыпталушыға тән мінез-құлықты да ескере отырып, шешім қабылдайтын болады. Қазіргі уақытта цифрлы прокурор Шанхайда кеңінен тараған сегіз қылмыс түрі бойынша айып таға алады: несие картасымен байланысты алаяқтық, құмар ойынды  заңсыз ұйымдастыру, көлікті үргізуде төңірегіне қауіп төндіру, қасақана «дене жарақатын салу», қызмет бабында міндетін орындаушыға кедергі келтіру, ұрлық, өзге де алаяқтық, орынсыз дау-дамай шығару бойынша айып тағуды үйренген. Цифрлы прокурор мұнымен ғана шектеліп қалмай алдағы уақытта өзге де қылмыстық істер бойынша айып тағуға үйретіледі.

0 пікір
Мұрағат