РФ-да ислами қаржы нормалары бойынша алғашқы аймақаралық мәміле жасалды
РФ-да ислами қаржы нормалары бойынша алғашқы аймақаралық мәміле жасалды
1 ай бұрын 661 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қазан айының 11-і күні Ресей Федерациясындағы Status-invest платформасында цифрлық мудараба өнімі бойынша алғашқы аймақаралық транзакция сәтті аяқталды, деп хабарлады бірегей жобаға қатысқандар. Бұл жайында islam.kz порталы  «Ведомости» экономикалық басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл мәміле исламдық қаржыландыруға қатысты тәжірибе аясында жасалған. Осынау игі іске Татарстанның «ас-Салам» жобасы ұйытқы болған екен. Ал шешендердің кәсіпкерлік пен инновацияға қолдау көрсететін Шейх Зайыт атындағы қоры осы мәмілеге инвестиция құяды. Қаржыны шариғи жолмен инвестициямен айналысатын татарлардың «Амал қаржы үйі алған. Бұл мәміледегі қаржының жалпы сомасы – 40 млрд рублді құрады. Мудараба – инвестор мен қарыз алушы арасындағы келісімді қамтитын қаржы құралы. Инвестор жобаны жүзеге асыру үшін риба (пайыз) алуға тыйым салатын шариғат талаптарына сәйкес капитал береді. Оның орнына инвестор пайданың бір бөлігін алады, оның мөлшері қарыз алушының жұмыс нәтіижесіне байланысты анықталады.

0 пікір
Мұрағат