Рамазан Қадыров және "шайтанның соты" (видео)
Рамазан Қадыров және "шайтанның соты" (видео)
6 жыл бұрын 5007 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сахалин билігі 2015 жылы қасиетті Құранға араша түскен "Сахалин мұсылмандар жамағаты" ұйымын жауып тастады. Басынан  бастасақ, 2015 жылы Сахалиннің соты қасиетті Құранның кей аяттарын экстремизмді насихаттайды деп шешім шығарған болатын. Бұған қатысты Шешенстан басшысы Рамазан Қадыров мұндай шешім шығарған сотты "шайтанның соты" деп айыптаған еді. Бұл мәселе қоғамда үлкен дау тудырып, арты талас-тартысқа ұласқан еді. Тіпті, бұған қатысты дау-дамай президент әкімшілігіне дейін жеткен болатын. Нәтижесінде қасиетті Құранның аяттарын қорғайтын өзгертулер экстремистік әрекетке қарсы тұру туралы заңға енгізілген еді. Бұған қоса, оңтүстік-сахалиндік соттың шешімі күшін жойған болатын. "Бір қарағанда, әділеттілік орнағандай көрінген. Алайда, осы шу-шұрқаннан кейін қиыр шығыстағы мұсылмандардың басына қара бұлт үйірілді. Олардың үйін тінтіп, арандату әрекеттеріне жол берілді",- деді қиыр шығыстағы мұсылмандар ақпарат көзі. Қасиетті Құранға ара түскен "Сахалин мұсылмандары жамағаты" ұйымының жабылуы соның бір көрінісі. Айта кетейік, "Сахалин мұсылмандары жамағаты" он жылдан бері қайырымды істерімен көрініп келе жатқан қиыр шығыстағы аса ірі мұсылмандар ұйымы. Тағы бір айта кететіні, Сахалин соты асыра сілтеудің ең сорақы түріне барып, "Фатиха" сүресін экстремистік деп таныған еді. "Шайтанның соты" атағаны үшін жергілікті билік Рамазан Қадыровқа өздерінше кек қайтарған түрі деп жүр жергілікті мұсылмандар. 

 

0 пікір
Мұрағат