|
Қызына көйлек тігіп берген мұсылман ер адам желіде танымал болды
|
Мұсылман ер адам қызының мектеп бітіру кешіне көйлек тігіп беріп, танымал болды.
Нью-Йоркте Абдулай Гуэй қыздары Пенда мен Рамаға үнемі көйлек тігіп береді.
Мерекеге орай әкесі қызы Пендаға жылтыр матадан көйлек тігіп берді. Көйлек желі қолданушыларының да көзіне түсті. Бұл күніПенда көйлекке сәйкес хиджаб таңдаған.

"Маған бұл көйлекпен жүрген өте ұнады. Өте ыңғайлы. Қазір әкем ресми өкілдерге киім тігумен айналысады", - деді Пенда.
Гуэй қызының бірнеше құрбысына да көйлек тігіп берген.
"Бұл әкем үшін қиын жұмыс емес. Олар уақытын айтады. Сол уақытта көйлек дайын болады. Әкем клиенттерін алдын ала шақырып, көйлекті кигізіп көрсетеді", - дейді қызы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді