|
Қытайларға қарсы арнайы полиция бөлімшесі құрылды
|
Жапондардың әскери әрі жағалау күзеті Шығыс Қытай теңізіндегі даулы аралдар төңірегіндегі позициясын нығайтты. Бұл жайында қыркүйек айының 2-сі күні regnum.ru порталы Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Күншығыс елінің арнайы аталмыш полиция бөлімшесі автоматпен жарақтандырылған. Даулы аралға қытайларды кіргізбеу үшін. Бұл полиция бөлімшесі Жапонияда Сенкаку, ал Қытайда Дяоюйдао деген атпен белгілі, жапондар бақылайтын даулы аралдан шығысқа қарай 420 шақырым қашық жатқан Окинава аралында орналасады. Бұл аралға екі елдің де таласы бар болғандықтан елсіз, иен жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)