Қытайдың Geo-Jade Petroleum компаниясы ауған қазбалы байлығына инвестиция құяды
Қытайдың Geo-Jade Petroleum компаниясы ауған қазбалы байлығына инвестиция құяды
1 жыл бұрын 1240 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Geo-Jade Petroleum компаниясы Ауғанстандағы көмірсутектерді және басқа да пайдалы қазбаларды өндіруге инвестиция салғысы келеді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауғанстанның билік басындағы тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) ресми өкілі, дәлірегі, тау-кен және мұнай министрі Шаһабұддин Делауар өз кезегінде ауған жеріндегі қазбалы байлықты игеруге жалғыз қытай компаниялары ғана мүдделілік танытып отырмағанын жеткізді. Оның айтуынша, қытай компанияларына бәсекелестер көбейіп келеді, сол себепті, инвестициялық келісімдердің халықаралық талаптарға қайшы келмеуіне жете мән берілетінін мәлімдеді. Осылайша ауған мүддесінің алпауыт қытай компанияларының тасасында қалмайтынын ишаралап жеткізді. Бұл ретте шикізат өндірілетін елдің аумағында өңделуі тиіс. Сөз орайы келгенде осы жылдың қаңтар айында ауғандардың министрлер кабинеті елдің солтүстігінде (Сирпул, Жауызжан және Парианба провинциялары) орын тепкен  Қытайдың CAPEIC мұнай-газ компаниясымен келісім-шартқа отырғанын айта кету керек.

Ұқсас материалдар:

«Минералдарға бай мұсылман елі» (https://islam.kz/kk/news/alem/mineraldarga-bai-musylman-eli-11395/#gsc.tab=0);

«Ауғанның есепсіз байлығы тәліптер тұсында кімнің қанжығасында кетуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-15669/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-jalgasy-15679/#gsc.tab=0);

«Ауғанстанда бір триллион долларға бағаланған жер асты байлығы бар» (https://islam.kz/kk/news/alem/auganstanda-bir-trillion-dollarga-bagalangan-jer-asty-bailygy-bar-674/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат