Түріктердің Pegasus әуе компаниясы өткен жылы қыруар табыс тапты
Түріктердің Pegasus әуе компаниясы өткен жылы қыруар табыс тапты
1 жыл бұрын 510 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түріктердің Pegasus арзан әуе компаниясы 2022 жылы 26,9 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үштен бір (33,7 пайыз) артық. Бұл жайында islam.kz порталы  Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шығыны төмен әуе компаниясының айналымы да 139 пайызға өсіп, 2,45 миллиард еуроға жетті, ал таза кірісі 431 миллион еуроны құраған. Аталмыш компанияның баспасөз қызметі келтірген мәліметке қарағанда, 2022 жылы Pegasus жолаушыларының саны ішкі бағыттар бойынша 10,9 миллион адамды, ал халықаралық рейстерде 16 миллион адамды құрады. 2021 жылмен салыстырғанда Pegasus халықаралық рейстеріндегі жолаушылар саны 96,4 пайызға артқан. Пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда әуе компаниясының айналымы 41 пайызға өсті. Pegasus әуе компаниясының қызметкерлер мен мамандар қарасы - 6 852 адам.

0 пікір
Мұрағат