Қытайда шөлейттенумен күресудің тың әрі тиімді әдісі табылды
Қытайда шөлейттенумен күресудің тың әрі тиімді әдісі табылды
36 минут бұрын 44 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жерді құмнан қорғаудың немесе құмның көшуін тоқтатын бұрынғы тәсілдер не тым әлсіз, не экологиялық жағынан зиянды болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы interestingengineering.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай шөлейттенуге қарсы белсенді күрес жүргізіп келе жатқан санаулы мемлекеттер арасында көш бастап тұр. Бұл тарапта қытай ғалымдары шөлге қарсы күресте ойламаған жерден қауқарлы“одақтас”тапты. Қытай орман шаруашылығы академиясының білікті мамандары құм көшкінінің қозғалысын баяулатып қана қоймай, сонымен қатар, жер құнарының қалпына келуіне ықпал ететін бамбуктан тосқауыл әзірледі. Бірегей технологияны Цинхай провинциясында және Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында “Ұлы жасыл қабырға” деп аталатын ауқымды көгалдандыру бағдарламасы аясында сынақтан өткізіп жатыр. Шөлейттену бұрыннан Қытайдың ең маңызды экологиялық проблемаларының біріне айналған. Мал жайылымы, орман-тоғайдың оталуы, жердің қарқынды пайдаланылуы және климаттың өзгеруі салдарынан құнарлы топырақ біртіндеп өсімдіктер мен қоректік заттардан айырылып, бедеу топыраққа айналған еді. Бүгінде бұл процесс ел аумағының 27% -ға жуығын қамтиды және 400 млн-ға жуық адамның өміріне тікелей әсер етеді. Құмның пайда болуына байланысты ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы қысқарып, көз аштырмайтын құмды дауылдар жиі соғады. Ұзақ уақыт бойы құмның арынын тежеу үшін сабаннан тоқылған торлар мен пластикалық тосқауылдар пайдаланылды. Соның бір жарқын мысалы: Такла-Макан шөлі арқылы өтетін автомагистрал әлемдегі екінші ірі көшпелі құм алқабында төселген. Бұл жол Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының мұнай өндірісі мен экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие, алайда, ұдайы құм,а көміліп қалатындықтан жолды аршу машақаты толастаған емес. 1999 жылы тасжол бойында орнатылған сабан қоршаулары уақыт өте келе өз кем-кетігін көрсетті. Шөлдің төтенше климатында сабан бар-жоғы екі-үш жылда желдің екпінінен жермен-жексен болады, ал мұндай құрылымдардың 70% -дан астамы толығымен қорғау қабілетін жоғалтып отырады. Пластикалық тор берік болғанымен тозғы жеткеннен кейін ыдырамай қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Міне, осыларды ескерген зерттеушілер бір мезгілде берік, ұзақ уақытқа шыдайтын және табиғат үшін қауіпсіз болатын материалды іздей бастады. Ғалымдар бұл тарапта ең жылдам өсетін өсімдіктердің бірі - бамбукқа назар аударды. Ғалымдар құмның көшуін тоқтатып, топырақты нығайту үшін шикі бамбуктан тоқылған шаршыда қайта өңдеу технологиясын және желдің жылдамдығын төмендететін экрандарды қолданды. Бұдан басқа, олар бамбук және ағаш талшықтары қоспасынан арнайы науалар жасады. Бұл конструкциялар сирек тұнбаларды жинайды және суды топырақтың неғұрлым терең қабаттарына жібереді, онда ол ұзақ сақталады және өсімдіктерге нәр береді. South China Morning Post дерек көзінің мәліметі бойынша мұндай құрылымдар 3 жылдан 10 жылға дейін қызмет ететіндіктен бұл бағыттағы өзге жобалардан құны 20% -ға төмендейді.

 

0 пікір
Мұрағат