Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
40 минут бұрын 65 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

204 елдің деректері негізінде жүргізілген халықаралық зерттеу нәтижесі 2023 жылы жол-көлік оқиғасынан шамамен 1,34 млн адамның дүниеден өткенін көрсетті, ал 10-39 жастағы ерлер арасында жол апатынан алған жарақаты өлім-жітім себептерінің арасында «көш бастаған». Бұл жайында islam.kz порталы The Lancet Public Health мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың халықаралық тобы Global Burden of Disease Study 2023 жобасы аясында 1990-2023 жылдар аралығындағы 204 ел мен аумақтың статистикасын талдады. Зерттеушілер қаза болғандардың санын ғана емес, жол-көлік оқиға салдарының ауырлығын да бағалады. 33 жыл ішінде әлемде жол-көлік оқиғасынан болған жарақаттардың стандартталған көрсеткіші 38,3% -ға, олардан болатын өлім-жітім 32,3% -ға төмендеді. Алайда, абсолюттік мәнде жол-көлік қозғалысынан болған өлім-жітім көрсеткіші жоғары күйінде қалып отыр: тек 2023 жылы 1,34 миллионға жуық адам қаза тауып, 50 миллионнан астам адам зардап шекті. Әсіресе, жас ерлер арасында: 20-24 жас топтағылары арасында жол апаттарынан болатын барлық өлiм-жітімнің 20,7% жуығы - шамамен 98 мың фактіден келдi. Десе де біртіндеп бүкіл әлемде жолдағы қауіпсіздік деңгейі шынымен де жақсарып келеді. Жол-көлік оқиға салдарына апаттың өзі ғана әсер етпейтінін түсіну маңызды - жолдардың жай-күйі, автокөліктердің қауіпсіздігі, ережелерді сақтау және зардап шегушінің қажетті медициналық көмекті дер кезінде алуы үлкен рөл атқарады. Бірқатар елде Vision Zero және Safe System тұжырымдамалары кеңінен қолданылады, олар: жолда адам қателігі болмай қоймайды, сондықтан көлік жүйесі өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелмейтіндей етіп құрылуы тиіс. Ал inbusiness.kz ақпарат көзінің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасай отырып келтірген мәліметіне қарағанда, Қазақстанда жолдағы өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 12,2 фактіні құраған. 2025 жылы көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 11,4 фактіге дейін төмендеген еді.

0 пікір
Мұрағат