Тура кинодағыдай: робот балқытатын отқа өз еркімен құлады (видео)
Тура кинодағыдай: робот балқытатын отқа өз еркімен құлады (видео)
1 сағат бұрын 30 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Figure компаниясы өзінің ескі роботтарымен «қатал қоштастын», жоюдың радикалды әдісін таңдаған: өткен ғасырдың 80-шы жылдары басты рөлдердің бірінде аты аңызға айналған Арнольд Шварцнеггер ойнайтын күллі әлемге әйгілі «Терминатор» триллеріндегі көрініс нақты өмірде көрініс тапты. Бұл жайында islam.kz порталы naukatv.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Figure компаниясы есептен шығарылған гуманоидты роботтарды F.02 Финляндияның Иматра қаласындағы балқыту пешіне жөнелтеді. Адам тәрізді машиналар өз еркімен 75 тонналық электр доғалы пешке секіреді, содан соң олардың корпустары балқытылған металға айналды. Осылайша компания F.03 жаңа буынына көшкеннен кейін ескі роботтардан құтылуға шешім қабылдады. Әр аппаратты қолмен бөлшектеу уақыт жағынан тым шығынды, ал Figure өз әзірлемелерінің құрылғысын ашқысы келмеді. Сондықтан инженерлер кәдеге жаратудың әдеттен тыс тәсілін таңдады. Лайықты зауыт табу оңай болмады. Америка құрама штаттары пен Мексикадағы кәсіпорындар литий-ионды аккумуляторлар үшін роботтарды қабылдаудан бас тартты. Нәтижесінде Figure Финляндиядағы болат құю өндірісімен келісті. Десе де инженерлердің алдында ерекше, жаңа міндет тұрды: F.02 өз бетінше қажетті жерге секіруге үйретуге тура келді. Сан-Хосе қаласындағы Figure штаб-пәтерінде жаттығу үшін үлкен сақтандыру жастықтары орнатылды. Роботтарды екінші қабаттан секіруге үйретті, ал адамдардың қозғалысын алгоритм дайындау үшін бағдар ретінде пайдаланды. Содан кейін инженерлер симуляцияға секіруді пысықтап, басқару жүйесін баптады.

0 пікір
Мұрағат