Табиғи алмасты алмастыратын асыл тастың арзан нұсқасынан африкалық елдің экономикасы кері кетіп барады
Табиғи алмасты алмастыратын асыл тастың арзан нұсқасынан африкалық елдің экономикасы кері кетіп барады
1 сағат бұрын 31 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығының оңтүстігіне таяу орналасқан Ботсвана деп аталатын шағын мемлекет бар. Әлемдегі алмас өндіруден Ресейден кейін екінші орында тұр. Бұл жайында islam.kz порталы Africa News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы Бостванадағы алмас өндірісі 16%, кей дерек көздерінде 20 пайызға дейін құлдырап кеткен. Бұған табиғи асыл тасқа қарағанда әлдеқайда берік әрі зертханада әзірленетіндіктен арзан баламасына жаһандық сұраныстың артқаны себеп болған. Экспорт табысының 80%-ы алмастан тұратын осынау шағын елге бұл өзгеріс ауыр тиіп отыр. Елдегі алмас өндірумен айналысатын Debswana компаниясы асыл тасты сатудан түсетін табыстың 90%-н қамтамасыз етіп келетін, 2025 жылы сату көрсеткіші екі есеге төмендеп кеткен. Алмасқа сұраныстың азаюына байланысты Debswana компаниясы Жуанен, Орапа кен шахталарын жабуға тура келді. Боствана билігі экономиканы әртараптандыру бағытында реформаны қолға алып жатыр. Дегенмен, Ботсван алмасы сапасы жоғары болғандықтан әлемдегі зерлерлік бұйымдардың 30 %-ы осы елдің асыл тасынан жасалады. Аталған елдің жер қойнауында пайдалы қазбалардың көп мөлшері бар; алмастан бөлек алтын, мұнай, никел, мыс, марганец, кобальт, қорғасын, мырыш, тас көмір, асбест, күкірт, тальк, бром кен орындары табылды. Сондай-ақ, кальцийленген және каустикалық сода, платина, уран, ас тұзы, күміс және хром кен орындары да кездеседі. Ботсван халықаралық сауда-саттықта стратегиялық маңызы зор теңізге тікелей шыға алмайды. Оңтүстік-шығысында Оңтүстік Африка республикасы, солтүстік-батысында Намибия, солтүстік-шығысында Замбия мен Зимбабве мемлекеттерінің қоршауында орын тепкен.

0 пікір
Мұрағат