ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
36 минут бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ДТҰ (денеден тыс ұрықтандыру немесе экстракорпоралды ұрықтандыру) көмегімен өмірге келген балалардың ДНҚ ерекшеліктерін анықтады. Айырмашылық «секіруші гендер» деп аталатын геномның бөліктерімен байланысты болып шықты, олар өздерін көшіріп алып, көшірмелерін ДНҚ-ның басқа аймақтарына жылжыта алады. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың Сун Ятсен университетінің ғалымдары зертханадағы ұрықтың ерте дамуынан геномда молекулалық өзгерістер болу ықтималдылығын жоққа шығармайды. Бұл болжамды немесе гипотезаны тексеру үшін ғалымдар ДНҚ-ның мобилді элементтерінің бір тобын - LINE-1-ді зерттеп көрген екен. Ғалымдар бұл тарапта алдымен 75 баланың қан үлгілерін сараптамадан өткізді: 33-і ДТҰ көмегімен, ал 42-сі табиғи жолмен дүниеге келді. ЭКҰ-дан кейінгі топта LINE-1 ДНҚ-сының мөлшері біршама жоғары болып шықты. Бұл элементтер «секіруші гендер» деп аталады, өйткені, олар өздерін көшіріп алып, геномда қозғалуға қабілетті келеді. Бір қызығы мұндай ауытқу қыз балаларда анағұрлым айқын көрінді, ал ұл балалардың байланысы статистикалық тұрғыдан күмән тудырған. Ғалымдар LINE-1 санындағы айырмашылықтар геномның жүрек жұмысына, зат алмасуға, миға және обырдың кейбір түрлеріне байланысты генмен қатар орналасқан аймақтарды қамтитынын анықтады. Алайда, ЭКО-ның аталған аурулардың қаупін арттыратынына толыққанды дәлел бола алмайды. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі бұл гендердің белсенділігінің өзгергенін көрсетпеді. Бұдан басқа, талдау тек қаннан алынған ДНҚ бойынша және ата-аналардың генетикасымен салыстырылмай жүргізілді, сондықтан анықталған ерекшеліктердің шығу тегін дәл анықтау мүмкін емес. Қазіргі уақытта алынған деректер ДТҰ-ның балалардың денсаулығына теріс әсер ететінін дәлелдеп бере алмайды. Зерттеушілер табылған генетикалық айырмашылықтар ірі іріктемелерде сақталатынын және болашақта олардың салдары болуы мүмкін екендігін тексеретін болады.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес 101 елде эасанды жолмен ұрықтандыру технологиясы енгізілгеннен бері 40 жыл ішінде 12,4 миллионға дейін бала дүниеге келген, бұл ретте шамамен XXI ғасырдың басынан бастап бұл санның өсу қарқыны экспоненциалдық сипатқа ие болды. Әлемде Еуропа бұл технологияны қолдануды көш бастаған, онда ЭКО-мен дүниеге келген кәрі құрлықтағы балалар саны - 4,5 миллион. Екінші орында - 3-4 миллион көрсеткішімен Азия, үшінші орында - Солтүстік Америка, осындай тәсілмен 1,6 миллион өмірге келген. 1978 жылы алғашқы «пробиркадағы бала» пайда болған сәттен бастап экстракорпоралдық ұрықтандыру технологияларын пайдалану арқылы туған балалар саны миллионға дейін өсті. Қазіргі уақытта әрбір 35 секунд сайын қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен бала дүниеге келеді.

Экстракорпоралды ұрықтандыру (лат. extra - жоғары, сыртқа және лат. corpus - дене, яғни, денеден тыс ұрықтандыру, ЭКО) - көбінесе бедеуліктен зардап шегетіндерге қолданылатын қосалқы репродуктивті технология. Синонимдері: «шыны түтіктегі ұрықтандыру», «in vitro ұрықтандыру», «жасанды ұрықтандыру», ағылшын тілінде IVF (in vitro fertilisation) аббревиатурасымен белгіленеді – Уикипедия электронды энциклопедия) 

0 пікір
Мұрағат