АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
41 минут бұрын 62 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үндістан Америка құрама штаттары мен Қытайдың жаһандық технологиялық жарысына қосылды - Deep Tech саласындағы стартаптарды қолдауға 25 млрд доллар бағыттамақ. Бұл жайында islam.kz порталы CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы он жылда Үндістан Deep Tech-ке 11,6 млрд доллар инвестиция құйғанын мәлімдеді Үндістанның венчурлік және баламалы капитал қауымдастығының президенті Ражат Тандон. Алайда, оның айтуынша, енді үкімет зерттеулер мен әзірлемелер инфрақұрылымы қоры (Research Development Infrastructure Fund) аясында қосымша 11 млрд доллар салуды міндеттеді. Бұл қаражатқа венчурлік қорлар мен тікелей инвестициялар қорларын басқарушылардың инвестициялары қосылады. Осы сомаға тағы 3-4 млрд доллар қосылады, нәтижесінде Deep Tech стартапына тартылатын инвестиция мөлшері 25 млрд долларға жепек. Deep Tech - жасанды зердеден бастап жартылай өткізгіштерді, дрон өндірісін және ғарыш технологияларын қамтитын салаларда жұмыс істейтін стартаптарды білдіретін кең ұғым. Сарапшылар Үндістан үкіметтің бұл қадамын геосаяси шиеленіс қатерлі сипат алғандықтан озық технологиялардың стратегиялық маңызы артуына байланысты барып отыр, деп есептейді. Қазір Қытай мен АҚШ АІ саласындағы жаһандық жарыста көш бастап тұр. Бұл ретте Үндістан билігі елдегі қытай технологияларына сақтықпен қарайды, ал Уашингтонның технологиялық экспортқа шектеу енгізгені де үнді үкіметін осындай қадамға баруына итермелеп отыр. Үндістан осылайша технологиялық тәуелділіктен құтылудың алғашқы қадамын жасады. Технология - ғылым, экономика, қару, т.б. Технологияның стратегиялық маңызы орасан зор. 

0 пікір
Мұрағат