|
Әрбір мектепте намазхана ашылады
|
Стамбұл губернаторы Дәуіт Гүл қаладағы 39 аудан басқармаларына бағытталған ресми өкімге қол қойды. Құжатта қаладағы барлық мектеп қабырғасында және оқу орындарында намазхана ашу міндеттелген. Бұл жайында islam.kz порталы Haqqin ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өкімде көзделген талаптарға сәйкес жаңа мектеп пен білім беру корпусының құрылысы кезінде жұма намазына жиналатын оқушылар санына шақтап ғибадат ғимаратын салуы тиіс. Ал қолданыстағы білім беру мекемесінің ішінен намаз оқуға жарайтын блмелер қарастырылуы керек. Аталған мегаполис билігі мұндай қадамға неліктен барғанын түсіндіру үшін Түркияның ұлттық білім беру министрлігінің білім беру мекемелерінің қызметін реттеу жөніндегі нормативті актіге жөн сілтеп отыр. Осылайша қаладағы оқушылар сабақтан қол үзіп қалмай жұма намазын оқу мүмкіндігіне ие болады. Бұл шара өз кезегінде оқушылардың қауіпсіздігіне, уақытта үнемдеуге мүмкіндік бермек.