Халал индустриясымен аты шыққан ел күллі әлем бойынша шағын және орта кәсіпорындарға сертфикат беретін платформаны іске қосты
Халал индустриясымен аты шыққан ел күллі әлем бойынша шағын және орта кәсіпорындарға  сертфикат беретін платформаны іске қосты
45 минут бұрын 31 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Малайзия шағын және орта кәсіпорындарға (ШОБ) халал сертификатын неғұрлым тиімді және үнемді жолмен алуға көмектесуге арналған халал сертификаттаудың жаңа, жаһандық платформасын іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы islamicpeople.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Halal Development Corporation (HDC) іске қосқан «HalalConnect» платформа қосымшаларды басқаруды, құжаттарды тексеруді, аудиттерді жоспарлауды және сертификаттарды беруді қоса алғанда, халал сертификаттаудың цифрлық кешенді процесін ұсынады. Сондай-ақ, халал талаптары мен стандарттарын түсінуге ұмтылатын шағын және орта кәсіпорындар үшін білім беру материалдары мен оқыту модулдері енгізілген. Малайзия халал сертификаттау саласында әлемдік көшбасшы ретінде халал экономикасының өсуін қолдауға ұмтылып, сертификаттауды шағын бизнес үшін анағұрлым қолайлы етеді. Платформа бүкіл ел бойынша және одан тыс жерлерде мыңдаған шағын және орта кәсіпорындарға пайда әкелуі тиіс. Екіншіден, әлемжегі ең ірі халал экономикаға ие Малайзия осылайша, яғни, белгілі бір деңгейде халал сертификаттау процедураларына бақылау орнатып, өзіне келетін халал импортының сертификатына сенімді болғысы келеді. "Бұл платформа халал экономикасының өсуіне қолдау көрсетудегі маңызды қадамның көрінісі ретінде бағаланады. Халал сертификаттауды қолайлы ете отырып, біз шағын және орта кәсіпорындарға жаңа нарықтар мен мүмкіндіктер ашуға көмектесеміз." - HDC бас директоры

0 пікір
Мұрағат