Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
32 минут бұрын 59 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Courtesy ISOC

Калифорния штаты Ораза айт пен Құрбан айтты ресми мейрам ретінде таныды. Тиісті жарлыққа ааталмыш штат губернаторы Габин Нюсом қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде LAist дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан былай жарлыққа байланысты Ораза айт пен Құрбан айт күндері мектеп оқушылары мен колледж студенттері және мемлекеттік мекеме қызметкерлері демалатын болады. Тіпті, мұсылмандардың айтулы күндері мектептер мен колледждер жабылмаса да оқушылар мен студенттер демалыс ала алады. «Ораза айт пен Құрбан айт күндерінің мемлекеттік мейрам ретінде ресми мойындалуы бұл күндердің Калифорния үшін мәдени маңызы жоғары екенін білдіреді», деп айтылған заң мәтінде. АҚШ-Ислам қатынасы жөніндегі кеңестің заң шығару және атқарушы билік органдарымен байланыс жөніндегі директоры Осман Мұқадемнің айтуынша, «бұл Калифорния мұсылмандары үшін де, АҚШ-тың барлық мұсылманы үшін де маңызды күн», деп мәлімдеді. Ол губернатордың жарлығы ұйымдарды осы күндері жұмысты тоқтатуға міндеттемейтінін, алайда, қызметкерлер қаласа, заң бойынша демалысқа шыға алатынын атап өтті.

0 пікір
Мұрағат